Данияр ЖҰМАБАЕВ. Білім алудың дініміздегі орны
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:44
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

Данияр ЖҰМАБАЕВ. Білім алудың дініміздегі орны

| A | +

Ислам діні ғылым, білімге қатысты дегенде, бірінші болып келтіретін дүниеміз ол алғаш түскен аяттың өзі «Оқы!» деп басталатындығы. Алла Тағала бір емес үш рет қайталап «оқы, оқы, оқы» деп пайғамбарымызға (с.ғ.с.) оқуды бұйырады. Енді ғұламаларымыз нені оқу керек деген кезде «Жаратқан Раббыңның» атымен оқы деп, арнайы білімді шектеп қойған жоқ. Кез келген білімді алуға «Раббыңның» атымен бастауға бұйырған. Алла Тағала бір нәрсені өте маңызды деп білетін болса, біздің қаперімізге салып, біз сол нәрсеге қатты көңіл бөлуіміз үшін көбірек аяттар түсіретін болған. Алла Тағала Құран Кәрімнің 256 жерінде «ойланбайсыңдар ма», «ақыл жүргізбейсіңдер ме» деп адам баласын оқуға, білімге, ғылымға, ой жүргізуге, зерттеуге шақырады. Тіпті Алланың өзін тану үшін де адам баласына ең бірінші білім керек. Адамның екі дүниеде де бақытты болуын қалайтын асыл дініміз біздерді ғылым-білімге үндейді.

 

Білім сөзі шариғат тілінде – бір мәселені жан-жақты, анық-қанығына дейін жіті түсіну деген мағынаны білдіреді. Білім – ақылдылық пен парасаттылықтың белгісі. Адам баласы үшін білім алудан асқан бақыт, білімсіз болудан артық кедейлік жоқ. Жансыз дененің шіритіні сияқты, білімсіз ислам да ыдырайды, сондықтан исламды білімсіз елестету мүмкін емес.

 

Дінімізде білім алудың орны өте маңызды, себебі ислам – білім алуды парыз деп санайтын дін. Дініміздің осы тұсы исламның хақ екенін дәлелдей түседі. Өйткені, дүниеде білім мен ғылымды парыз санайтын исламнан басқа дін жоқ. Исламның келуімен әлемде үлкен ғылыми төңкерістер орын алғанын көруге болады, себебі исламның келуімен ғылым мен білім дамыды. Демек, білімді тек Ислам діні ғана қажет санап, барша мұсылмандарды ілім алуға үндейді. Пағамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадистерінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз», «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен», – деп насихатталған.

 

Исламға дейінгі надандық дәуіріндегі сауаты төмен арабтардың білім дәрежесін көтеріп, олардың мәдениеті мен өркениетін өзге елмен терезесі тең болатындай етіп дамыту үшін Алла Тағала ардақты пайғамбарды (с.ғ.с.) жіберіп, оған ең алғаш рет «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» деп бұйырған. Осы аятқа зер салар болсақ, онда оқуды, жазуды білмейтін, тіпті, ертеңімен өмір сүріп келген шөл даладағы арабтарға «Оқы!» деп бұйырудың сыры неде? «Алла Тағала арабтардың білім дәрежесінің төмендігін біле тұра не үшін оларға «Оқы!» деді» деген көкейде заңды сұрақ туындайды.

 

Расында, ислам діні келмей тұрып арабтар көршілес елдерден мәдениеті мен өркениеті артта қалған, сауаты төмен әрі өзара тайта-тайпаға бөлініп жанжалдасқан надандық өмір салтын ұстанған халық еді. Олар ауыл шаруашылығы жоқ, су тапшылығы басым, дамудың лебі сезілмейтін шөлді жерде мекендегеннен кейін парсы, рим, гректер секілді алпауыт империялардың ешқайсысы шөл далаға басын сұққан жоқ. Себебі, олар үшін құнарсыз, пайдасыз шөл даланың әрі надандық кебін киіп жатқан арабтардың өмір-тіршілігі қызық емес-тін. Осындай зұлмат заманды бастан кешіріп жатқанда Алла Тағала арабтар арасына елші жіберіп, мұсылмандардың санын арттырып, оларды надандық дәуірінен арылту үшін сауатын ашу арқылы ілгері дамытып, білім ізденулеріне жігерлендіру қажет болды. Осы тұрғыда мұсылмандарға Жаратушының «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» деген аяты түрткі болып, олардың арасында білім ізденуге деген ерекше зейін қойыла бастады. Нәтижесінде, Алла елшісі (с.ғ.с.) келіп мұсылмандардың көзін ашып, араб түбегі ілім нұрын шашқан негізгі орталыққа айналды. Бұл жайында Алла Тағала Құранда: «Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне (Алла) Өз тарапынан (елші жіберіп) оларға Алланың аяттарын оқытып оларды тазартады. Сондай-ақ, оларға Кітап пен даналық үйрететін бір Пайғамбар (Мұхамедті с.ғ.с.) жіберді. Негізінде олар бұрын ашық адасуда еді», - деген.

 

Алла Тағала қасиетті Кітабында білім ізденушінің дәрежесін көтеріп, бірнеше аяттарда жақсы сөздермен ескерген. Білім мен ғалымның қадір-қасиеті туралы Алла Тағала қасиетті Құранда былай дейді: «Білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма?» («Зүмәр» сүресі, 9-аят). Байқасаңыз, осы аятта Алла Тағала сұрақ қою арқылы білімнің қадіріне меңзеп, білімді мен білімсізді салыстыруға шақыруда. Әрине, білімділер мен білімсіздер тең бола алмайтыны айдай анық. Исламды білім-ғылым діні емес деп тек дін дұшпандары ғана айтады. Шынында, ислам дін дұшпандары ойлағанындай, ешқашан ғылым-білімге қарсы болмаған. Қайта надандыққа қарсы тұрып, білімді болуға адамзат баласын шақырып келеді. Бүгінгі күні ислам дінінің нағыз ғылымның қайнар бұлағы екенін тек қана надандар жоққа шығарып, мойындамауы мүмкін. Өйткені, ислам дінінде, тіпті, дәрет, намаз, ораза, зекет және қажылық секілді құлшылықтарды орындау үшін де оның ғылымын, білімін үйрену талап етілген. Осы себепті, ислам дінінің білімге деген көзқарасын білгісі келген жанның Құран Кәрім мен пайғамбар хадисі арқылы оқып-білуіне болады. Құран Кәрім мен хадис шәріптерде білімнің артықшылығы мен қадір-қасиеті жайында мысалдар көп.

 

Мәселен, қасиетті Құранда: «Адамдарға баян еткен бұл мысалдарды ғалымдар ғана түсіне алады» («Анкабут» сүресі, 43-аят), - дейді. Олай болса, Құранды түсіну үшін адам, ең алдымен, ғылымға ден қоюы керек.

 

Енді білімнің маңыздылығы туралы хадистерді келтірсек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан хадис шәріпте былай дейді: «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Алла оған жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді. Шынында, періштелер міндетті түрде білім ізденушіге разы болғанын білдіріп, қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалым үшін міндетті түрде аспандағы әрі жердегі бүкіл нәрсе, тіпті судағы балық та, Алладан оның күнәларының кешірілуін тілейді! Ал, ғалымның қарапайым құлшылық етушіден артықшылығына келер болсақ, оның артықшылығы – аспандағы толған айдың басқа жұлдыздардан артықшылығындай. Шынында, ғалымдар пайғамбарлардың мұрагерлері, ал пайғамбарлар болса, өздерінен кейін динар да, дирһам да қалдырмаған, олар тек білімді мұра етті. Кімде-кім бұл білімді алса, онда ұлы сыбағаға қол жеткізді. (Тирмизи риуаяты).

 

Білім бейне бір адамды қараңғылықтан жарыққа шығаратын нұр тәрізді. Білімді адам қашанда өзгелердің алдында сөйлеу мәнерімен, жүріс-тұрысымен, әдептілігімен, озық санасымен ерекшеленіп, дәрежесі жоғары тұрады. Бұл жайында Құран Кәрімде: «Алла Тағала иман келтіргендердің, ғылым иелерінің дәрежелерін көтереді» делінген («Мужәдәлә» сүресі, 11-аят).

 

Ислам тарихына көз жүгіртетін болсақ, онда мұсылмандардың білімге деген ынталары ерекше жоғары болғандығын байқаймыз. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өзіне Алла Тағала: «Раббым, білімімді арттыр, де» деп бұйырған. Демек, исламды насихаттаудағы басты мәселе ең алдымен белгілі дәрежеде білімді болуды қажет етеді. Осыған байланысты пайғамбар (с.ғ.с.) өз сөзінде: «Білім іздену – әрбір мұсылманға парыз» деген. Бұған қоса, Алла елшісі (с.ғ.с.) өзінің ардақты сахабаларына білім үйренулеріне жағдай жасап, оларды әрдайым құлшындырып отырған. Мәселен, тарихта белгілі мұсылмандар мен құрайштар арасында болған «Бәдр» шайқасынан мұсылмандардың қолына түскен тұтқындардың жазасы ретінде оларға пайғамбар (с.ғ.с.) мұсылмандарды оқып, жазуға үйретуге міндеттеген болатын. Осы сияқты Алла елшісі (с.ғ.с.) Зайд ибн Сәбитке иврит тілін үйреніп, осы тілдегі деректерді араб тіліне аударып отыруды жүктегені тағы бар.

 

Осындай білім шуағынан кейін мұсылмандар жан-жаққа, алыс-жақын елдерге таралып, ислам дәріптеген ілімді үйреніп, оны өзгеге үйретуді қолға алды. Нәтижесінде, бірнеше жылдардан кейін Куфа, Басра, Шам секілді елдер мұсылмандардың қол астына өтіп, онда бұрын-соңды болмаған үлкен консерваториялар ашылып, мұсылмандар дамудың шыңына жетеді. Алланың даналығы сонша, бір ғана «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» деген аяттың арқасында ғылымда түрлі сала бойынша әлем мойындаған Ибн Сина, әл-Хорезми, Ибн Батута, әл-Фараби, Ибн Халдун, әл-Бұхари және т.б. секілді ғалымдар оқып, ізденіп, артында өшпестей ілім қалдырды. Осыған қатысты атақты француз жазушысы Седиллот (1808-1875) былай деген: «IX бен XIV ғасыр аралығында ислам әлемінде әдебиет саласы бірден ғылымға бет бұрды. Мұсылмандардың ғылымға деген құштарлықтары сонша олардың ақыл мен ойлау түйсіктері қатты дамыды. Нәтижесінде, ислам әлемінде көптеген сансыз ғылыми жаңалықтар мен шығармалар жарық көрді. Бұл өз кезегінде Батыс еліне әсерін тигізбей қойған жоқ. Батыстың ислам әлемінен әсерленгені сонша біз мұсылмандарды ілгерідегі ұстаздарымыз, деп айтуға әбден лайық».

 

Бүгінде мұсылман әлемінде исламнан артық зерттелген ілім жоқ шығар, сірә. Әсіресе, мұсылмандарға «Оқы!» деп білімге жетелеген Құран мен пайғамбардың (с.ғ.с.) хадистер жинағын зерттеген еңбектер күн санап үздіксіз жарыса жарық көріп жатыр. Сондай-ақ, жоғарыда аталған мұсылман ғалымдар шығарған, қаламынан туындаған еңбектер әлемнің жүздеген тілдеріне аударылып, бүгінге дейін қолданыста. Осының барлығы бір ғана Алланың «Оқы!» деген сөзінің жемісі десек болады.

 

Сондықтан, кез келген қоғам ілгері дамуы үшін қай сала болмасын білімін жетілдіріп ілім жолында шынайы ықыласты болуы талап етілетін нәрсе. Ардақты сахаба Абдулла ибн Масғұд: «Ешбір адам білімді болып тумайды. Білім ізденумен келеді», - деген. Сонымен қатар, Ибн Дарда: «Бес нәрсенің төртеуі бол. Бірақ, бесіншісі болма, құрдымға кетесің: ғалым бол, ізденуші бол, (ғалымдарды) тыңдаушы бол, (ғалымдарды) жақсы көруші бол бірақ, бесіншісі болма (яғни, осы аталғандардан болмасаң білім ізденуші емессің)», - деген.

 

Данияр ЖҰМАБАЕВ,

«Бәйкен» мешітінің бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, ақын: "Кетсем бе екен, күнәсіз мекен іздеп!.." Кремацияның дініміздегі үкімі қандай?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Мәнһәж АБАЙДЫҢ ДІНИ ТАНЫМЫ
Технократия дендеп еніп, жаһандану белең алған заманда озық қоғам мен озат адам қалыптастырудың басты құралы бар, ол – дін. Дінсіз мемлекет, дінсіз қоғам жоқ. Себебі әрбір ұлттың ұлттық құндлығы белгілі бір сеніммен ұштасады. Сол сеніммен адамдар бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір-бірінің жанын...
Мәнһәж Темірбек ПЕРНЕБЕКҰЛЫ: Мұсылманның бірлігі
Мұсылманның өмірінде бірлік пен татулықтың маңызы үлкен. Бірлік – мұсылмандардың арасындағы ынтымақ пен татулықтың көрінісі. «Бірлік түбі – береке» дегендей, ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Бұл жайында қасиетті ...
Мәнһәж Ж.ХАСАНОВ: Кітап оқудың пайдалары
Алла Тағала Құран Кәрімнің «Алақ» сүресінің 1-аятында: «Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы» деп бұйырады. Яғни Жаратушы Иеміздің адам баласына айтқан ең бірінші әмірі мен бұйрығы – «Оқы» деген сөз. Бұл аят бізге адам баласы бір нәрсені түсіну үшін, адамда сол нәрсе туралы білім болу керектігін ұғынд...
Мәнһәж Төрәлі ҚЫДЫР: Алтын Орда – дәстүрлі дініміздің діңгегі
М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Ежелгі дәуір әдебиеті және түркология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты, доцент Төрәлі ҚЫДЫРМЕН болған сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз....
Мәнһәж Қадір түнін үйде қалай өткіземіз?
Биылғы Рамазанның қасиетті Қадір кеші мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп отыр. Бүгін мешіт таңғы сағат 7:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейді. Осы ретте баршаңызды Қадір кешін өз үйлеріңізде өткізуге шақырамыз. Тәртіпке бағынуды сұраймыз. Бұл – сіз бен біздің, өз отбасымыз б...
Мәнһәж Рамазанның соңғы түндері
Халық арасында Рамазанның соңғы түндері деген сөз қолданылып жатады. Бұл түндер қандай түн? Бұл түндер ықыласпен құлшылық жасайтын түндер, Айша анамыз (оған Алла разы болсын) бұл түндері әз пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) белін буып, балағын қаттырақ байлағанын айтқан. Яғни, көп ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Бамдатқа дейін 01:48

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi