ЕҢБЕК ЕТКЕН ЕР АБЫРОЙЛЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:31 06:51 11:41 14:43 16:25 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Мақалалар

ЕҢБЕК ЕТКЕН ЕР АБЫРОЙЛЫ

| A | +

Адамның жаны мен тәні сияқты құлшылық пен тіршілік егіз ұғым екені белгілі. Бұл ұғымдарды бөліп жаруға болмайды. Қасиетті Құранда: «Намаз өтелген соң жер бетіне тараңдар және (адал кәсіп қылып) Алланың шексіз шарапатынан ризық-несібелеріңді іздеңдер... », - деген аят осы нәзік мәселені баян етуде.

Табиғин, хадисші Ъирак бин Малик (р.а.) жұма намазын оқып болған соң, мешіт қақпасының алдында тұрып: «Уа, Алла! Мен (жұмаға кел деген) шақыруыңа жауап бердім, намазымды оқыдым. Сондай-ақ, Өзің әмір еткеніңдей жер бетіне (жұмысыма) кетіп барам. Кеңшілігіңмен ризық-несібе бере гөр. Сен ең қайырлы ризық Берушісің», - деп дұға етеді екен. Ғұламалар аталмыш аят жөнінде: «Кімде-кім жұма намазынан соң сауда-саттық жасаса Алла Тағала оның саудасын жетпіс есе берекелі етеді», - деген екен.

«Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жететін». Бұл мақал әсіресе қазіргі кезеңге сай айтылып, енжарлықтан етек-жеңін жия алмай жүргендерге қамшы боп тисе игі еді. Бүгінгі күнде «іс қыламын, қоғамға пайда тигіземін» деген жасқа мүмкіндік көп, жолы ашық. Бар мәселені қаржыға тіреместен, арманын мақсатқа, мақсатын іске асыра білу маңызды болмақ. Нағыз ерліктің өзегі - тәуекел. Өмірдің өткелін тапқан ер бастағалы жатқан ісінен өзі ұтатын тұсты табуға белді бекем буғаны абзал. Осылайша Алланың адам баласына жүктеген міндетінің бірі саналы ғұмырында адал жолмен мал табу, қоғамға, Отанға адал қызмет етуді абыроймен атқаруға жол ашылады. Маңдай-тер төкпестен, түрлі қулық-сұмдықпен келген дүниенің қайырлы болмасы белгілі. Бұл өз кезгінде өзіне жасаған қастандығы ғана болмақ. Негізінде, кімде-кім бала-шағасын, отбасын адал жолмен асырау үшін шынайы еңбек етсе ғана оның ырысы артып, мерейі тасымақ. Иә, маңдай тер, адал еңбекпен келген наннан артығы жоқ. Отан алдында да отбасы алдында да, тіпті ұрпақ үшін де абыройлысы – адал еңбекпен өткізген ғұмыр.

Расында, «Ер дәулеті — еңбек» демекші, кәсіп етіп, еңбек ету ғибадаттың бір түрі.  Риуаятта бір кісіден Иса (ғ.с.): «Не іспен шұғылданасың?» - деп сұрайды. Кісі: «Мен құлшылық етемін», - дейді. Иса Пайғамбар (ғ.с.): «Бала-шағаңды кім асырайды?» - дегенде, ол: «Бауырым», - деп жауап қайырады. Сонда, Алланың пайғамбары Иса (ғ.с.): «Ағаң сенен қарағанда әлдеқайда ғибадатшыл екен», - деген екен. Сахаба Әбу Масғұд әл-Ансари (р.а.): «Шындығында, кісінің бала-шағасына жұмсаған қаражаты – садақа», - деп риуаят еткен. Хадисте де жан азығы мен тән азығы қатар жүру керектігі меңзелуде.

Ғазалидің «Ихия» кітабында: «Шындығында, Алла Тағала кәсіп иесі болған мұсылманды жақсы көреді», - деген риуаят бар. деп айтылған. Демек, біз тәрбиеде еңбекқорлық пен тақуалықты бірдей үйретуіміз керек. Бұл ердің нағыз ердің абыройы болмақ. Осы ойды Хәкім Абай «...Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішуге малдың тапшылығы да, ағайынның араздығына уа әр түрлі бәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе. Мал тапса, қарын тояды. Онан соң білім түгіл өнер керек екен... », - деп  түйіндейді.

Еңбек адамның көркі, адам заманның көркі дегендей жастар қабілет-қарымына сай елге де, өзіне де пайдалы кәсіп маманы болуы маңызды. Мен тек заңгер, қаржыгер немесе мұнайшы болам деген қате пікір. Барлық мамандық жақсы. Жастар жаппай санаулы және шектеулі мамандық айналасына шоғырлануы елді дамытпайды. Осы мамандық иесі боламын деп, алайда елге пайдасы болмаса, ол жігітке сын. Мемлекетіміздің әлеуеті зор. Үй жиһазынан бастап мінер темір тұлпарға дейін отандық өнім өндіруге қауқарлымыз. Тек, жастар: «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та, бар, қалан!», деп Абай атамыз айтқандай Отанымыздың титтей болса да бір тетігін бүтіндеуге бар болмысымен атсалысуы қажет.

 Адамзат асылы саналатын Пайғамбарлардың барлығы да маңдай терімен нәқапасын тапқан. Нұх пайғамбар (ғ.с.) – балташы, Юсуф (ғ.с.) – егінші, Мұса (ғ.с.) – қойшы, Дауд (ғ.с.) – темірші болды. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бала күнінен қой баққан. Ер жеткен соң сауда-саттықпен айналысқан. Мұндай кәсіп, еңбегі абыройын асқақтатып, ел алдында танымалдығын арттырды.

Лұқман Хәкім перзентіне: «Балам! Кедейлік атаулыдан адал кәсіп етіп тәуелсіз бол. Өйткені кісі қолына қараған адамның басына үш жаманшылық келеді. Олар: діні әлсірейді, ақылы төмендейді және адамилығын жоғалтады. Бұл үш қасіреттен де ауыры адамдар оны менсінбей кетеді», - деген екен. Қолында кәсібі, адал еңбегі жоқтың ел адында мәртебесі де төмен деген сөз.

Бірде Ахмед бин Ханбалдан (р.а.) «Үйінде немесе мешітте отырып, ризық-несібем өзі келеді, жұмыс істемеймін деген кісі жайлы не дейсіз?» - деп сұрапты. Имам Ахмед (р.а.): «Ондай адам білімнен хабар жоқ болғаны. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құс жайлы: «Таңертең ұясынан жемсауы бос болып ұшып, кешке толтырып келеді» деген сөзін естімеген бе? Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құс екеш құстың өзі ризығын іздеп ұясынан шығатындығын айтқан. Сахабалар сауда-саттықпен және егіншілікпен айналысатын. Олар бізге үлгі жандар», - деп жауап берген екен.

Қазақта: «Еңбегің болмаса елге өкпелеме, Ықтасының болмаса желге өкпелеме», - дейді. Жатыпішер адамнан жаманы жоқ. Ондай адам өз үйіне де сыймайды. Жұрт алдында абыройы болмаған адам әсте сүйкімсіз. Талаптанудан басталған іске Алла өз рақымы мен берекесін төгеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде былай дейді: «Еңбек етуден қолдары күстеніп, шаршап-шалдығып ұйқыға кететін адам кешірімге бөленіп, күнәларынан арылады». Бұл – ниетін түзеген мұсылманның әр сәті сауапқа айналады деген сөз.

Ердің атын еңбек шығарады. Әр азамат ерен еңбегінің арқасында ғана абыройлы болып, биік белестерді бағындырады. «Адам еңбегімен ардақты, мінезімен қадірлі» деп ұлы Абай атамыз айтқанындай, Отанымыздың қай саласы болмасын атап айтсақ, экономика мен білім саласы, өндіріс, медицина, ауыл шаруашылығы, тоқыма тағы басқа да сұранысқа ие қажетті саланы  дамытуға өлшеусіз үлес қосуға ниетті болу қажет.

Сахаба Ибн Масғұд (р.а.): «Не дүние ісімен, не ақырет амалымен айналыспай бос жүрген кісіні жек көремін», - деген екен. Нағыз мұсылман дүниелік тіршілігіне де, діни құлшылығына да бірдей тең қарайтын абыройлы адам екені даусыз.

 

Қуаныш Абишев,

РАНТ мүшесі

 

Иман журналы №11 (232) 2023 жыл

 

 

Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы САУЛЫҒЫҢДЫ ОЙЛАСАҢ, САПАРҒА ШЫҚ!

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам КЕШІРІМШІЛ БОЛУ - АСЫЛ ҚАСИЕТ
Ислам дінінде Алла Тағаланың адам баласына берген асыл қасиеттердің бірі – кешірімділік. Кешірім мұсылмандар арасын жарастырады, жамандықтың алдын алады. Кекшілдік қастыққа жол ашса, кешірім қасты досқа айналдырады....
Қоғам ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ
Қазақстан атты елдің Конституциясына негізделген заң бойынша еліміз өзінің тұрақтылық жолын толеранттылықтан бастаған. Толеранттылық ізгілікті, дұрыс іс ретінде қарастырған. Толеранттылық елімізде өмір сүріп жүрген халықты бүтіндікке алып барар жол....
Қоғам ЖЫНЫСТЫҚ ТӘРБИЕ КЕРЕК ПА?
Ислам діні күллі адамзатқа түскендіктен мұнда адамға қатысты еш нәрсе назардан тыс қалмаған. Адам баласының дүниеге келгеннен қара жер қойнына кеткенге дейінгі аралықтағы барлық мәселе қамтылған. Соның бірі Алла Тағаланың жер бетіне түсірген ер мен әйел арасындағы ерекше нәзік қарым қатынасы. Яғни, ...
Қоғам ЕҢБЕК – ЫРЫСТЫҢ ҚАЗЫҒЫ
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти
Қоғам БАРШАҒА ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi