ӨТКЕННІҢ ӨНЕГЕСІН БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАҒАН
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:44
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

ӨТКЕННІҢ ӨНЕГЕСІН БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАҒАН

| A | +

«Алла» деп нәпсісін тыйғандар, Бұрынғы шайхы, ишандар.

Жүргізген екен жұртына Шариғаттың хүкімін,

Ұстаған діннің бүтінін... (Сәттіғұл Жанғабылұлы)

 

Қазақ даласына Ислам келгеннен бастап, дін насихаттаушылары, діни сауат берушілер, халықты имандылыққа шақырған әулиелер , ұстаздық еткен ахун, ишандар қатары көп болған. Әріден қозғасақ, бүгінге дейін сонау ғасырлардан жыраулар аузымен жеткен бабалар мұрасында Ислам дінінің таратушылары да , ағартушылары да хақ дінге шақырып, Алланың құдіретін жан жақты толғаған.

Ислами мәдениет орныққан заманнан бастап, түркі халықтары дінмен бірге араб-парсы жазуын қабылдап, сол тілде ел жұртты адалдыққа, әділдікке Алланың ақ жолына шақырған тарихи әдеби мұралар  қалыптастырды. Осылайша халқымыз сан ғасырлар бойы шығыс өркениеті аясында дамыды. Ислам мәдени орталықтары ашылды, медресе, мешіттер салынып, ислам ғұламалары шәкірт тәрбиелеу, дін ісін жаюда ағартушылық жұмыстарды кеңінен жүргізді. Мекке мен Мәдина, Бағдат пен Шам, Хиуа, Хорезм, Самарқанд, Бұхара қалаларындағы медресе түлектері қазақ даласына ислам дүниетанымын енгізді. 

Осылайша «ахун», «ишан», «молда», «қари», «муфти»  терминдері пайда болып, олар негізінен мешіт медреселерде ағартушылықпен айналысты. Исламның сопылық мектебінің өкілдері болып саналатын ахун, ишан секілді діни қайраткерлердің салған сара жолы күні бүгінге дейін жаңғырып тұр. Қазақ елінің қай өңірін алсақ та халыққа рухани тәрбие беріп, мешіт салып, дін насихаттау жұмыстарын жүргізген, ізгілік пен имандылыққа шақырған тұлғаларды көптеп атауға болады.

Бүгінде егемен ел болғандықтан жоғымыз түгенделіп, өшкеніміз жанып, есімдерін бір кездері атауға қорыққан дін жаюшы ахун, ишандардың есімдері дараланып айтылып, ұрпақтары олар туралы түрлі мәліметтерді жинастырып, ел назарына ұсынып жүр. Зерттеуші тарихшыларымыз да бірқатар еңбектер жазып, діни ағартушылар болып табылатын ахун, ишандардың қалдырған еңбектерін жинақтап, мазарларын тауып, бір кездегі бала оқытқан медресе, мешіттерін іздеп, жинақтап, жариялауда.

Қазақстан мұсылмандары дін басқармасының ұйымдастыруымен, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының нұсқауымен елімізде ғылыми танымдық конференциялар өткізіліп, профессор, тарихшылардың  ахун, ишандар туралы зерттеулері жұртшылыққа кеңінен таныстырылуда.

Бабаларымыз салып берген ізді бүгінде жаңғыртып, есімдерін бүгінгі буынға жаңартып естіртіп жатқан бас мүфтиіміз Наурызбай қажы Тағанұлы олардың өмірін, өнегелі жолдарын, Ислам дамуына қосқан үлестерін халыққа кеңінен насихаттауда . Ихсан ілімі туралы «Ихсан - рухани тәрбие негізі» еңбегінде егжей тегжейлі баяндап, ихсан ілімінің адамзат баласына берер рухани азығы көп екенін айтады.

«Бабтардан жеткен, бабалардан қалған ихсан ілімі - үш тұғырдың бірі», - дейді бас мүфти. Барлық басқосуларда бұл ілімді, тарихат жолын дәріптеу арқылы руханиятымыздың асыл діңгегін қуаттап, дін мен салт-дәстүр сабақтастығын жалғайтынымызға баса маңыз беруде .

Бұған дейін қазақ еліндегі ахун-ишандардың жоқтаушысы табылған жоқ десек те болады. Әр жерден тиіп қашып, сөз еткеніміз болмаса, болмысымызға бойлап, өткенімізді қозғауға ешкімнің «зауқы» соға қойған жоқ. Қолға алынып жатқан осы бір насихаттың иесі, ихсан ілімін халыққа етене жақын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде белсенді шараларға ұйытқы болып жүрген ҚМДБ Төрағасы кемел адам болудың концепциясын осы ілім танытатындығын айтуда.

Бір кездері үзіліп қалған асыл жіпті жалғау үстіндегі іс жақсылығын тапсын дейміз. Баба сарқыты ұрпақ жүрегінде сақталса, ихсан ілімінің жанданып жарқырайтын шағы болашақтың еншісінде болмақ.

Тариқат неден бастау алды?

Кемелдік пен ихсан дәрежесін көтере алған дін жаюшы бабаларымыз ахундық, ишандық жолды неге таңдады, бұның сыр сипатына үңіле түссек, сонау сахабаларға барып тірелеміз. Ізгі қоғам қалыптастыруда Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ізбасарлары, сахабалардың рөлі өте жоғары еді. Олардың ішінде шариғаттың шырын балын ішкен тақуаларға, ихсанның озық үлгісін көрсеткен, көкіректеріндегі иман сәуле боп тараған шамшырақ сахабаларға еліктеу мақсатында, олардың дін туралы терең түсініктері мен ақиқатқа жету жолындағы жанкештіліктері тариқат жолының бастау алуына алып келді.

Алла Тағалаға жақындататын амалдардың ішінде дүниені тәрк етіп, аскеттік жолды таңдау- яссауи ілімінің негізгі бағыты еді.  Пайғамбар жанында жүрген ізгі сахабалардың әдебі мен тақуалығын үлгі еткен тариқат жолы қазақ даласындағы ахун мен ишандардың да жолы болды.

Алланың хақ дінімен жүруді шын абырой деп білген сахабалар зухдтықта иләһи құдіреттің хикметтерін бойларына сіңірді. Олардың өмірі кейінгі ұрпақ үшін қараңғылықта жол сілтейтін жарық нұрдай болды. Ахун, ишандар өздерінің жүрген жолдары тариқат жолын  иман мен тура жолдан айнымаған сахабалардан игерді.

Сахабалардың үлкен табысқа жетуіне бірінші Алланың өзі жәрдем берсе, екіншіден оларды Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  тәлімінде тәрбие алғандарында еді. Сондай-ақ олар тарапынан турашылдық пен ықыластың жоғары болуында еді. Міне осы ерекшеліктер оларды иман нұрына шомылып, толық, кәміл мұсылман болуларына алып келді.

Сопылық ілімнің бастапқы əрі негізгі ұғымдарының бірі зуһд – Алла Тағаладан басқа барлық нəрседен бас тарту болып табылады. Сонымен бірге зуһд дүниені түгелдей керексіз қылып, тəрк ету емес, ол Хақ Тағаланың үйі – жүректі таза ұстау, Алланың ризалығын басты нысана етіп алып, сол үшін өмір сүру. Басқаша айтқанда, тассауф ілімі – дүниені қолдан шығарып, тəрк ету емес, жүрекке дүние сүйіспеншілігін орнықтырмау.

Сахабалар ішінде «асхабы суффа» аталған, пенделік əрекеттерден бойларын аулақ ұстап, күйбең тірлікке көңіл аудармай, бар өмірлерін ғибадат жасауға жəне Құран үйреніп, Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тəлім алуға арнаған сахабалар болды.  Олар дін негіздерінің кейінгі ұрпақтарға дұрыс жеткізілуіне өздерінің өлшеусіз үлестерін қосты. Осы орайда  зерттеушілер «сопы» сөзін «суффа» сахабаларына байланыстыратынын айта кетсек болады.

Әбу Дарда, Әбу зарр әл Ғифари, Салман әл Фарси секілді сахабалар сән салтанат пен жан рахатына бөленіп өмір сүруден аулақ болды.  Әбу зарр Әл Ғифаридың жолын өнеге тұтып, ондағы ихсандық пен зухдтықты өздеріне басты үлгі етіп алған тарихат жолындағылар Әбу заррдың терең тақуалығына бойлады.

Әбу зарр әл Ғифариды Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айрықша жақсы көрген, оны көрген кезде ардақты Елші (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қолын қысып амандасып, құшақтайтын болған.  Оның шыншылдығы мен туралығы жайында: «Жердегілердің ішінде Әбу заррдан өткен шыншыл адам жоқ» деген екен. 

Әбу зарр Әл Ғифари ислам дінін қабылдаған алғашқы бесінші не алтыншы адам. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккедегі қиын күндерде болғанда, әлі ислам толық таралмай тұрған алғашқы кезеңдердің бірінде оған Әбу зарр әл Ғифари келіп сәлем береді. Ғифаридың сәлем беруі кейін бүкіл мұсылмандар үшін үлгі болып қалды. Осылайша исламда алғашқы сәлемді Әбу зарр беріп, сол жерде Алланың хақ дінін қабылдап мұсылман болады.

Ардақты сахаба Мәдинаға жақын орналасқан Ғифарға оралып, жақын жуықтарына, еліне дін таратуға бар ынтасымен кірісті. Оның жүрегіндегі шынайылықты сезінген анасы, бауыры, руластарының жартысы тілдерін кәлимаға келтіріп, мұсылман болды.

Хижраның алтыншы жылына дейін сонда болып, Бәдір, Ухуд, Хәндек шайқастарына қатыса алмады. Одан кейін Мәдинаға қоныс аударды. Адамзаттың ардақтысы, Сүйікті Елшінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасынан бір елі ажырамады. Түннің бір уақытына дейін сырлы сұхбаттарына қатысатын. Ол Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасында болып, оған қызмет етуді дүниеде барлық нәрседен артық көретін. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қайтыс боларында үнемі жанынан айрылмаған сахабалардың арасында Әбу зарр да бар болатын. Алла Елшісін (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы көргені соншалық, ол өз сезімін Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жақсы көргеніне деген адам жүрегінің сүйіспеншілікке мұншама толы болатынына таңырқаймын. Менің жүрегім де Алла мен Оның Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген махаббатқа толы», – деп тебірене жеткізеді.

Әбу зарр дүниенің қызыл жасыл жылтырағынан бойын аулақ ұстады. Исламның нұры жүрегіне қонған сахаба  алдамшы дүниеден мейлінше қашықта өмір сүрді. Тариқат жолын ұстанған тақуалар Әбу заррдың осы қасиетіне ғашық болып, оны өздерінің атасы ретінде көрді. Өйткені саналы ғұмырында Әбу зарр әл Ғифари Аллаға құлшылық етудің сырына үңілген, Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ұлы көшіндегі діндес бауырларына қосылып, жан жүрегінің түбіндегі иман бұлақтары жарып шыққан, ол бұлақтың қайнары кеудесін кернеп, өн бойына иманның нәрін берген өз ғасырының ұлы адамдарының бірі еді.

Шындығында мұсылман үмбетінің бұл дүниедегі мақсаты Алланы жалғыз құдай деп танып, Аллаға барлық жағдайда құлшылық ету. Осы бір жауапты аманатты аянбай арқалаған сахабалардың бірі де, бірегейі Әбу зарр иманның шын мәнін түсінген, игілік пен жақсылықтың барлығын ахиреті үшін жасап, өзінен кейінгі үмбетіне үлгі бола білді. 

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ол туралы: «Алла Тағала Әбу заррға мейірімін жаудырсын! Ол жалғыз жүріп, жалғыз өмір сүріп, жалғыз қайтыс болады», – деген. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқаны айнымай келді. Мәдинаның жанындағы шөлді аумақта жалғыз өзі әйелімен келе жатқан Әбу заррға ажал жетеді. Әбу заррды жуындыруға, кебіндеуге, көмуге қолдарында су не еш құралдары болмаған әйелі шарасыз халде тұрғанда Иемен жақтан көп кісінің қарасы көрінеді. Бұл Меккеге қарай сапар шегіп келе жатқан, саны екі мыңға жуық қажы жасаушылар легі еді. Екі мың адам өз жандарынан су жинап, Әбу заррды жуындырып, кебіндеп, жаназа намазын оқыды.

Ғұмырын Алланың шариғатына байлаған, жүрегін дүниенің кірінен алыс ұстаған, пайғамбар сүннетін бұлжытпай орындаған, тілі тек шындықты айтқан ардақты сахаба осылайша Алланың құзырына кетті.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сахабаларым көктегі жұлдыздар секілді. Қайсысына ерсеңіз де тура жолды табасыз» деген екен.

Сахаба жəне табиғин кезеңінде Құран ілімі, хадис ілімі жəне фикһ ілімі сиқты ислам дінінің негіздері жинақталып, жүйеленіп жатқан кезде, исламның ішкі, рухани мазмұнына тереңірек үңілген тақуалар да Құран мен хадиске жəне пайғамбар сүннетіне сүйене отырып, ардақты сахабалардың өмір салтын ұстанатын тассауф ілімінің негізін қалаған еді. Иман тақырыбына терең бойлап, амалдың тұңғиығына сүңгіген алғашқы сопылар жаратылыстың таңғажайып сырлары мен Құранның ішкі мəнін жəне адамның болмысын ұғынуға талпыныс жасады. Бұл сахабалардағы төзімділік пен шынайылықты талап етті. Сондықтан да тариқат жолын таңдағандар Алла үшін жылап, Алла үшін күлетін, қолдағы барға қанағат етіп, жоққа сабыр қылған, көңілдерін дүниенің арбауынан сақтап, жүректерін иләһи нұрмен жуған.

Осы үрдісті сол күйінде сақтау мақсатымен пайда болған тариқат жолы сахабалар мен кейінгі ұрпақ арасында өздерін дәнекер санайды. Алтын көпір іспетті бабалар мен ұрпақтар сабақтастығын жалғау үшін жан тәндерін осы жолға арнаған сопылық мектебінің өкілдері қазақ даласында да өз миссияларын қарқынды жүргізді. Ар мен ұяттың, иман мен ихсанның жоғары дәрежесін алып жүру ол жолға үлкен сын болды.

 

Ахун, ишандар – Алланың асыл құлдары

Қазақ жеріндегі сопылық ілімнің таратушылары ахундар мен ишандар есімдерін еліміздің оңтүстік, батыс аймақтарынан көптеп кезіктіруге болады. Мен 2011-2014 жылдар аралығында ҚМДБ ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы қызметін атқарған кезімде Маңғыстау жерінде ахун, ишан мектептері көп болғанын, әулиелі мекеннің топырағында небір ғұлама, абыздар өмір сүріп, олар қалдырған ілімдер жергілікті елдің руханиятын дамытуға көп үлес қосқанын көрдім. Қазыналы мекен әулиелерімен де ардақты. Бүгінде ондағы ел-жұрт бабалар есімін асқақтатып, қалдырған мұраларын көздерінің қарашығындай сақтап отыр. Қазақстандағы тарихи ескерткіштердің үлкен бір тобын Маңғыстаудағы жер асты мешіттері құрайтынын ескерсек, мұнда бір кездері дін өркен жайып, ислам уағызы мен сопылық мектеп кең таралып, бұл мекен тариқаттың бесігіне айналған. Бүгінге дейін есімдері ел арасында кеңінен танымал, жергілікті халық әулие тұтып қастерлеген ахун, ишандарды бір мақалада атап шығу мүмкін емес. Олардың көпшілігі қазір зерттеп, зерделенуде. Кеңес өкіметі тұсында ишандық мектептердің көбісі жойылып, кітаптар өртеліп, ахун, ишандарды түрмеге тоғытқан болатын. Алайда қазіргі таңда ел руханиятына өлшеусіз үлес қосқан дін қайраткерлерінің әрбір жасаған істері дәріптеліп, қазақ халқының біртұтас ел болуына, ислам құндылықтарын сақтауға ат салысқан еңбектері бағаланып, ұрпақ тарапынан жоғары баға алуда.

Маңғыстау жерінде 1856-1918 жылдары өмір сүрген Өмір жырау Қараұлының жыр термелерінде мынандай үзінді келтіре кетсек:

Алланың асыл құлдары

Зікір етіп зарлаған,

Пікір етіп барлаған.

Шүкір етіп шыдаған

Өз нәпсісін сынаған

Сөйтіп Хаққа ұнаған.

Адай деген сауырдан

Әулиелер көп шықты

Елін ойлап жылаған, - деген жолдарына барлай қарасақ, сопылық мектептің осы өңірде өркен жайғанын, әулиелердің,  ахун ишандардың қалап кеткен ихсан мектеп медреселерінің бүгінде зерттеуді қажет екенін көреміз.

Маңғыстау еліндегі қызмет еткен жылдарымда жер асты мешіттерін аралап, жергілікті ел жұрт әулиелі мекен деп қадір тұтқан арнаулы орындарды барып көргенмін. Сонау ғасырлардан қалған асыл жәдігерлердің бүгінгі сарқыншағы болып қалқайып тұрған, бүгінде тарихи ескерткіштерге айналған мешіт медреселер замана сырын үнсіз шертіп тұрғандай.

Олардан келетін алтын үзік - ихсан ілімін жалғаған ахун, ишандардың ел ішінде ауызекі айтылып жүрген есімдерін хатқа түсіріп, жинақтаған едім. Олардың қатарында кеңес үкіметінің құрығына ілінген, түрме көрген ахундар, оларға ұстаздық еткен ишандар яссауи ілімінің жалғастырушы ізбасарлары еді.

Солардың бірі Айдар ишан Шайхисламұлы 1848 жылы туылған. Бұхарада діни білім алған ол елге оралған соң Маңғыстаудың Тұщықұдық жерінде мешіт ашып, балаларды діни білімге сауаттандырып, шәкірт тәрбиелеген.  Иман мен ихсанды қатар ұстанған Айдар ишан ел ішіндегі дауларға да төрелік жүргізген. Оның тақуалық келбетін көрген ел жұрт одан ақыл кеңес алып отырған. Әлсізді демеп, күштінің кердеңдегеніне болыспаған. Тұщықұдық аулының ескі көз көргендері мен олардың немере балалары Айдар ишаннан көрген шарапат, жақсылық істерін әлі күнге дейін аңыз қылыпып айтады.  Айдар ишанның Әбдіғапар, Әбджапар, Салих, Абдулла деген балалары болған. Әбіжапар мен Салих әке жолын қуып, дін білімінің соңына түскен. Алайда олар дін адамдарын жою саясатының құрбандары болып, 1937–1938 жылдары Сібірге айдалып кетеді. Салих баласы оралмай, Әбдіжапар баласы 18 жыл айдаудан соң елге оралған. Бүгінде Айдар ишанның ұрпақтары Маңғыстау өңірінде. Ишанның бір кездері бала оқытқан мешітінің сұлбасы Тұщықұдық ауылында сақталған.

Қорыта келе, дін үшін тайсалмай өмірлерін арнап, ақыреттің жақсылығы мен жемісін тариқат жолынан іздеген бабаларымыздың есімдерін ұлықтап, олар қалдырған мұраларды зерделеп, олар жүрген жолды ұрпақ жадына сіңіру - бізге жүктелген істердің ең маңыздысы болмақ.

 

Түрксіб ауданы

«Абдулла» мешітінің бас имамы

 Мырзаев Тыныштықбай Яхияұлы

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
«ҚҰРAНШЫЛAР» ДЕГЕНІМІЗ КІМДЕР? ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ИСЛАМ ЖӘНЕ ЕЛІМІЗДЕН ШЫҚҚАН ӘУЛИЕ-ИШАНДАР

Тақырып аясындағы мақалалар

Ихсан ілімі ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ИШАНДАР МЕН АХУНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
Қазақ жұртының рухани саладағы әрлі-берлі тарихына зер салсақ, небір діни қайраткерлердің қажырлы еңбектеріне қайран қаларсыз. Мешіт ұстау, шәкірт тәрбиелеу, кітап жазу, ел іргесін бекіту, бірлік-ынтымағын арттыру, халық арасында имандылық, әділдік, тазалық пен пәктік құндылықтарын жан-жақты насихат...
Ғұламалардың өмірбаяны ШӘКІР ИШАН
Қазақстанда және Орта Азияда дінге көрсеткен ерекше қызметімен, білімімен танылған Сманов Абдушүкір, Абдужаппар, Абдусаттар, Абдуғаппар сынды төрт ұлды тәрбиелеген Шәкір ишан атаның Қазақ исламтануына қосқан үлесі зор....
Ихсан ілімі ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ИСЛАМ ЖӘНЕ ЕЛІМІЗДЕН ШЫҚҚАН ӘУЛИЕ-ИШАНДАР
Қазақ даласында ислам мəдениетінің орнығып дамуына, халық санасында ислам құндылықтарын қалыптастыруға қазақ жерінен шыққан діни қайраткерлер, ишандар үлкен еңбек сіңірді....

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Мәнһәж АНАМНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ
Қамшының сабындай болған мына жалған өмірде анаңнан асқан қамқор, әрбір ісіңе тілеулес боп отыратын нағыз жанашыр адам жоқ екен. Ананың аялы алақанынан асқан жұмсақ нәрсе жоқ. Мұны уақыт өткен сайын сезініп келемін......
Мәнһәж ЖЕРЛЕУ РӘСІМДЕРІ
Мұсылманшылықта мәйітті жерлеудің шариғи үкімі ижмағ бойынша - парыз кифая. Алайда мәйіт көмілмей қалса, сол аймақтың адамдары жауапты болады. Мәйіттің ер немесе әйел кісі, нәресте немесе жасы үлкен кісі шаһид немесе шаһид болмауы үкімді өзгертпейді. Бәрі де жерленуі тиіс....
Мәнһәж ҚАБІР БАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ - ЫСЫРАП
Қабір – Алла алдындағы өз міндетін орындаған, өзгелерге ізгілік еткен кісілерге тынығып, рахат көретін жәннат бақшаларының бірі. Ал өз міндетін орындамаған пенделер үшін азап тартатын жәһаннам шұңқыры болмақ....
Мәнһәж САБЫР МЕН ШҮКІР ИМАННЫҢ ҚОС ҚАНАТЫ
Жалпы сабырлық жөнінде мақала жазбастан бұрын осы сөздің негізі мағынасына тоқталып өткеніміз жөн.
Мәнһәж «ТОЛЫҚ АДАМ» ҚАНДАЙ АДАМ?
Аса Рақымды ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Мәнһәж АЛЛАНЫ ТАНУ (ИХСАН)
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас нәрсе ешқашанда жалған болмас» Абай
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Бамдатқа дейін 03:51

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi