ПАЙҒАМБАРҒА УАХИ ҚАЛАЙ КЕЛДІ?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Күн 06:56

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

ПАЙҒАМБАРҒА УАХИ ҚАЛАЙ КЕЛДІ?

| A | +

Алла Тағаладан пайғамбарларға тікелей немесе елші арқылы келетін анық хабарлар «уахи» деп аталады. Құранда Алла Тағаланың араға, Мұсаның анасына, Исаның ізбасарларына, періштелерге, жерге және аспанның жеті қабатына уахи етілгені айтылады.

Сонымен қатар Адам атадан бастап күллі пайғамбарларға(оларға Алланың сәлемі болсын)уахи келген. Бұл туралы Құранда:«Нұх және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей саған да (Мұхаммед) уахи еттік. Сондай-ақ Ибраһимге, Исмайылға, Ысқаққа, Жақып пен оның ұрпақтарына, Исаға, Аюпқа, Жүніске, Һарунға, Сүлейменге де уахи еттік. Дәуітке Забурды түсірдік»,– делінген («Ниса» сүресі, 163-аят). Бұған қоса«Саған осы Құранды уахи ету арқылы қиссалардың ең жақсысын баяндаймыз»деп Құранның уахи арқылы түскені айтылажы («Юсуф» сүресі, 3-аят).

Уахидің қандай болатыны және қалай әсер ететіні бізге беймәлім. Ол Алла пен пайғамбар арасындағы сырлы сөйлесу халі.Кейдеуахидың шынайы түс түрінде келетіні, кейде Жәбірейіл періштенің адам кейпінде немесе өз бейнесінде келіп, уахи жеткізгені айтылады. Ал миғражда Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) перде арқылы Алла Тағаламен сөйлесіп, бес уақыт намазды, «Бақара» сүресінің соңғы екі аятын алғаны белгілі.

Айша анамыздан (одан Алла разы болсын) жеткен хадисте Харис ибн ҺишамХақ елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сізге уахи қалай келеді?» –деп сұрайды.Сонда Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кейде қоңырау үніндей боп келеді, бұл маған өте қиынға соғады, ал айтқанын ұғып алғанымнан кейін, жеңілдеп қаламын. Ал кейде періште адам кейпінде келіп тіл қатады, мен оның айтқандарын ұғып аламын»,– деп жауап береді. Айша анамыз (одан Алла разы болсын) былай дейді: «Қатты суық бір күні ол кісіге уахи келгенін және одан (уахи) ажырағанда маңдайынан суық тер шыққанын көрдім», – деген (Тирмизи).

Сенімді хадистерде «Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахи келгенде, қатты күйзеліп, жүзі сұп-сұр түске айналатын. Сондай-ақ Хақ елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахи келгенде басын төменеңкейтіп тұратын. Сахабалар да бастарын төмен түсіретін. Уахи келіп кеткеннен соң басын қайта көтеретін еді» делінген (Мүслім).

Дайындаған Хасан АМАНҚҰЛ

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТТЕГІ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ОРНЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ-ИСЛАМ БІРЕГЕЙЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ХАНАФИ МАЗХАБЫНЫҢ РӨЛІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайғамбар өмірбаяны «МҰХАММЕД» ЕСІМІ НЕ МАҒЫНА БІЛДІРЕДІ?
Әрбір есімнің терең мән-мағынасы, артықшылығы болатыны сөзсіз. Ал біз жақсы көретін Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Мұхаммед»деген есімі қандай мағына береді?...
Пайғамбар өмірбаяны ЕКІ ДҮНИЕ СӘРУАРЫНА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК
Мұсылмандар анасы Айшадан жиені, табиғин Ұруа бин Зұбайыр Пайғамбарымыздың мінез-құлығын айтып беруін сұрайды. Сонда, Айша анамыз: Сен Құран оқымайсың ба? Оның мінезі Құран еді деген екен. Ұруа өмірінде бірде бір күнін Құран оқымай өткізбейтін ғалым еді. Демек, ардақты пайғамбардың әрбір сөзі мен іс...
Пайғамбар өмірбаяны МҮБАРАК МӘУЛІТ АЙЫ
Мәуліт - арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Адамзаттың асылы, Пайғамбарлардың ардақтысы - Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Пайғамбардың дүниеге келген уақытына байланысты атап өтілетін күн - мәуліт деп аталады. Бұл алғашқы кезде діни мереке болмаған,  кей...
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАРЫМЫЗҒА САЛАУАТ ЖӘНЕ СӘЛЕМ АЙТУ
«Расында Алла және Оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Уа, иман келтіргендер! Сендер де оған салауат айтып және шын ықыластарыңмен сәлем жолдаңдар» (Ахзап сүресі 56-аят)....
Пайғамбар өмірбаяны РАМАЗАН БУТИ НЕГЕ ЖЫЛАДЫ?
Рамазан әл-Бути – әлемдік ғұлама. Университетте ислам ғылымдарының ішінде пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратты ғұмырынан дәріс оқитын. Бірде ол оқыған лекцияларын кітап етіп, «Фиқһ сира» атымен басып шығарды. Кітап санаулы күнде таусылып кетті де, қайтадан шығаруға тур...
Пайғамбар өмірбаяны МӘУЛІТ АЙЫ МҮБАРАК БОЛСЫН
Адамзаттың абзалы, екі дүние сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған айы – мәуліт мерекесі мүбарак болсын. Адамзаттың асылы, пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммедтің (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған уақытына байланысты тойланатын мейрам мәуліт мерекесі деп а...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 06:56

Бесінге дейін 00:54

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi