ҚАДІР ТҮНІНІҢ 10 ЕРЕКШЕЛІГІ
Ислам дінінде ең қасиетті жыл бар. Ол – Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген жыл. Қасиетті ай бар. Ол – Рамазан айы. Қасиетті күн бар. Ол – жұма күні, Арафа күні және тағы да басқа қасиетті күндер. Қасиетті сағат (уақыт) бар. Ол – дұға қабыл болатын сәт. Қасиетті түн бар. Ол – Қадір түні. Мың айдан да қайырлы бұл түннің ерекшеліктері де жетіп артылады. Қасиетті түннің 10 ерекшелігіне тоқтала кетейік:
Бірінші ерекшелігі – Қадір түнінде қасиетті Құран Кәрім түсірілді.
⠀
Екінші ерекшелігі – ұлық түн. Басқа түндер Қадір түніне сәйкес келмейді. Тең бола алмайды да.
⠀
Үшінші ерекшелігі – құлшылық түні.
⠀
Ал Хафиз Ибн Ражаб деген ғалым: «Ей, өз өмірін ешбір игілікке қол жеткізбей өткізген адам! Қадір түнін жіберіп алғандарымды қайта толықтыру үшін қолданамын. Өйткені, бұл түн тұтас өмірге тең келеді ғой!» - деп айтқан.
⠀
Төртінші ерекшелігі – бұл түнде шайтандар болмайды.
Ибн Аббастың: «Бұл түні жындарды кісендеп, үлкен жындарды қамап тастайды» деген сөзі бар. Ал Мужаһит: «Бұл – амандық, есендік, тыныштық түні. Бұл түні шайтандар адамдарға тыныштық береді. Олар адамдарға жақындамайды, азғырып, тура жолдан тайдыра алмайды», - деген.
⠀
Бесінші ерекшелігі – періштелердің бәрі, Жәбірейілдің өзі Алла Тағаланың қалауы бойынша жерге түсіріледі. «Қадір» сүресінің 4-аятында: «Ол кезде Раббыларының қалауымен Оның әрбір әмірі үшін періштелер мен Рұх (Жәбірейіл) түседі» делінген.
⠀
Алтыншы ерекшелігі – бұл түнде амандық, тыныштық салтанат құрады, жамандық атаулыдан аулақ болады.
⠀
Жетінші ерекшелігі – бұл түн мүбәрак кеші, яғни береке кеші.
⠀
Сегізінші ерекшелігі – күнәлар кешіріледі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім осы түнде Аллаға иман келтіріп, сауабынан үміттеніп, құлшылық ететін болса, Алла Тағала оның бұрынғы істеген барлық күнәларын, кемшіліктерін, қателіктерін кешіреді» - деген.
⠀
Тоғызыншы ерекшелігі – бір жылдық тағдыр жазылады. 1 жылдың ішінде кімге қанша ризық бөлінетіні, қашан, қанша жаңбыр жауатыны, кімнің дүниеге келетіні, кімнің дүние салатыны, кімнің қажылыққа баратыны да жазылады», - деген.
⠀
Оныншы - Қажылыққа баратындардың тізімі жазылады. «Қадір түнінде бір жыл ішінде Алланың үйі ‒ Қағбаны зиярат етіп, қажылық жасайтындардың есімдері әкелерінің есімдерімен қосылып жазылады», - деген.
"Таугүл" мешітінің ұстазы
Айнұр Игілікова
⠀
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.