Құран жайлы 40 хадис: 13-ХАДИС
Он үшінші хадис
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: "يَجِيْءُ الْقُرْآنُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ فَيَقُولُ: يَا رَبِّ حَلِّهِ" فَيُلْبَسُ تَاجَ الْكَرَامَةِ ثُمَّ يَقُولُ: يَا رَبِّ زِدْهُ" فَيُلْبَسُ حُلَّةَ الْكَرَامَةِ ثُمَّ يَقُولُ: يَا رَبِّ ارْضَ عَنْهُ" فَيَرْضَى عَنْهُ فَيُقَالُ لَهُ: اقْرَأْ وَارْقَ وَتُزَادُ بِكُلِّ آيَةٍ حَسَنَةً" (رواه الترمذي، وابن خزيمة، والحاكم).
Әбу Һурайрадан (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Қиямет күні Құран келіп: «Уа, Раббым, пәленше адамды киіндірші», – дейді. Әлгі адамға құрмет тәжі кигізіледі. Құран: «Тағы да киіндірші» – дейді. Әлгі адамға құрмет киімі кигізіледі. Құран: «Уа, Раббым, оған разы болшы», – дейді. Раббысы әлгі адамға разы болады. Сонда оған: «Құран оқы да жоғары өрле», – деп айтылады. Әрбір оқылған аят үшін оның сый-сауабы еселенеді», – деген» (әт-Тирмизи, әл-Хаким)[1].
[1] «Сунан әт-Тирмизи», «Құран артықшылықтары» бөлімі, (2915). Әл-Хаким, «әл-Мустадрак», «Құранның артықшылықтары» бөлімі, «Құранның артықшылықтары туралы айтылған хадистер» тарауы, (2029). Хадисте Құранға амал еткен қаридың Қиямет күні көретін сыйы «құрмет тәжі» мен «құрмет киімі» болатындығы баяндалған. Және Алла Тағаланың разылығына бөленген соң, жаннаттың дәрежелеріне өрлеп, еселенген сауаптарға кенелетіндігі айтылған.
Кітаптың авторы: Ғұлама Мулла Али ибн Сұлтан Мұхаммед әл-Қари (1014 һ.ж.)
Хадистерді талдап, түсініктеме берген: Махмуд Шакур ибн Махмуд әл-Хажи Әмрир әл-Маядини
Қазақ тіліне аударған: Ержан Оразов
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.