Құран жайлы 40 хадис: 17-ХАДИС
Он жетінші хадис
عَنِ ابْنِ عمر رَضِيَ اللهُ تَعَالَى عَنْهُما قَالَ : قَالَ رَسُوْلُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ :" ثَلَاثَةٌ لَا يَهُوْلُهُمُ الْفَزَعُ الْأَكْبَرُ، وَلَا يَنَالُهُمُ الْحِسَابُ، هُمْ عَلَى كَثِيْبٍ مِّن مِّسْكٍ حَتَّى يَفْرُغَ مِنْ حِسَابِ الْخَلَائِقِ: رَجُلٌ قَرَأَ الْقُرْآنَ ابْتِغَاءَ وَجْهِ اللهِ تَعَالَى، وَأَمَّ بِهِ قَوْماً، وَهُمْ رَاضُوْنَ. وَدَاعٍ يَّدْعُوْ إِلَى الصَّلَاةِ ابْتِغَاءَ وَجْهِ اللهِ عَزَّ وَجَلَّ. وَعَبْدٌ أَحْسَنَ بَيْنَهُ، وَبَيْنَ رَبِّهِ، وَ فِيْمَا بَيْنَهُ وَبَيْنَ مَوَالِيْهِ" (رَوَاهُ الطَّبْرَانِيُّ).
وَ فِي الْكَبِيْرِ نَحْوُهُ، وَزَادَ فِيْ أَوَّلِهِ: قَالَ ابْنُ عُمَرَ: "لَوْ لَمْ أَسْمَعْهُ مِنْ رَسُوْلِ اللهِ إِلَّا مَرَّةً، وَمَرَّةً، حَتَّى عَدَّ سَبْعَ مَرَّاتٍ لَا حَدَّثْتُ بِهِ". وَلَفْظُ الْكَبِيْرِ عَلَى مَا فِي الْجَامِعِ الصَّغِيْرِ: "ثَلَاثٌ عَلَى كُثْبَانِ الْمِسْكِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، لَا يَهُوْلُهُمُ الْحُزْنُ، وَلَا يَفْزَعُوْنَ حَتَّى يَفْرُغَ النَّاسُ: رَجُلٌ تَعَلَّمَ الْقُرْآنَ ، فَقَامَ بِهِ يَطْلُبُ وَجْهَ اللهِ، وَرَجُلٌ نَادَى فِيْ كُلِّ يَوْمٍ وَلَيْلَةٍ خَمْسَ صَلَواَتٍ يَطْلُبُ وَجْهَ اللهِ وَمَا عِنْدَهُ، وَمَمْلُوْكٌ لَمْ يَمْنَعْهُ رِقُّ الدُّنْيَا عَنْ طَاعَةِ رَبِّهِ".
Абдулла ибн Омардан (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Қиямет күні үш адам үшін қорқыныш жоқ және олар есепке тартылмайды. Бүкіл жаратылыстың есеп-қисабы аяқталғанша үшеуі мисктен болған құмды төбе үстінде тұрады. Құранды тек Алла Тағаланың разылығы үшін жаттап, жұртқа имам болып, жұрттың разылығын алған адам. Алла Тағаланың разылығы үшін намазға азан шақырған адам. Раббысы мен өзінің арасындағы және басшыларымен арадағы мәмілесі түзу болған адам», – деген» (әт-Табарани)[1].
«Әл-Муғжам әл-кабир» жинағында да осылай келген. Бірақ хадистің басын былай баяндаған: Ибн Омар (р.а.): «Егер мен бұл хадисті Алла елшісінен (с.ғ.с. ) бір рет қана естігенімде, оны айтпас едім», – деп жеті мәрте қайталады. «Әл-Муғжам әл-кабир» жинағында келген хадистің мәтіні «Әл-Жамиғ әс-сағир» жинағындағы мәтінмен бірдей: «Қиямет күні үш адам мисктен болған құмды төбе үстінде тұрады. Адамдардың есеп-қисабы аяқталғанға дейін оларды үрей билемейді әрі қорықпайды. Құранды үйреніп, Алланың разылығын қалап Құранға амал еткен адам. Алланың разылығы үшін және Алланың құзырындағы сыйды үміт етіп күні-түні бес уақыт намазға азан шақырған адам. Бұл дүниеде біреудің қол астында құл болуы Раббысына бойсұнуына кедергі келтірмеген құл», – деп келген» (әт-Табарани)[2].
[1] Әт-Табарани, «Әл-Муғжам әс-сағир», «Уау әріпі» бөлімі, «Есімі Уәлидтен басталатын риуаятшылар» тарауы, (1116). «Әл-Муғжам әл-аусат», «Уау әріпі» бөлімі, «Есімі Уәлидтен басталатын риуаятшылар» тарауы, (9280).
[2] Әт-Табарани, «Әл-Муғжам әл-кабир», «Айн әріпі» бөлімі, «Ато ибн Әбу Рабахтың Ибн Омардан риуаяты» тарауы, (13584). Әс-Суюти, «Әл-Жамиғ әс-сағир», (3499). Хафиз әл-Һайсами, «Мажмағ әз-зауаид», I том, 327-бет.
Бұл дүниеде Алла Тағаланы еске алып, Раббысына жүгінген жүректері қалай орнықса, Қиямет күні дәл солай, олардың көңілдері жай тауып, тыныштықта болады.
Кітаптың авторы: Ғұлама Мулла Али ибн Сұлтан Мұхаммед әл-Қари (1014 һ.ж.)
Хадистерді талдап, түсініктеме берген: Махмуд Шакур ибн Махмуд әл-Хажи Әмрир әл-Маядини
Қазақ тіліне аударған: Ержан Оразов
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.