САБЫР МЕН ШҮКІР ИМАННЫҢ ҚОС ҚАНАТЫ
Өмірде адамзат баласына Алланың берген нығметтерімен бірге неше түрлі сынақтар болатыны мәлім. Сондықтан да Аллаһ тағала екі дүниені жаратты.
Алғашқысы қазіргі уақытша дүние тіршілігі және мәңгі ақырет тіршілігі. Бұл Алланың аса шебер екі дүниені жаратуда түсінген адамзат баласы үшін үлкен ғибрат бар екені мәлім. Егерде адам баласы дүние тіршілігінде діни сенімі болмаса онда ол сөзсіз түптің түбінде құрдымға кететіні анық. Оған өмірден өткен талай тұлғалар ғұмырын мысалға келтіруге болады. Сондықтан да адамзат баласына саналы ғұмыр кешуі үшін жүрегінде діни сенімі болуы қажет. Қасиетті Құран кітабымыз адамзат баласына жіберілген кезде ол тек адамдарға түсе салған жоқ. Алла тағала тарапынан түсірілген ең соңғы кітабымыз Құран Кәрім адамзаттың ішінде адамдармен бірге өмір сүріп жүрген пайғамбар болып таңдалған Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түсірілді. Ол жердегі мақсат діннің адам баласы өміріне қолдана алатынына дәлел. Егер де Құран тікелей адамзат баласына жіберілгенде адам баласы тәкаппарланып дінге бойұсынбай, бұл кітап бізге ауыр тиеді, біз өмірімізде пайдалана алмаймыз деп бас тартушы еді. Сондықтан да Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қарапайым адам екені баршамызға мәлім. Алла Тағала ең алғашқы Адам атаны өзі жаратты. Оның қабырғасынан Хауа анамыз жаратылып қияметке дейін ұрпақтар жалғасып келеді. Сол себепті де Алла Тағала өзі жаратқан жаратылысына қайсы нәрсе дұрыс қайсы нәрсе бұрыс екенін бізден жақсы білуші. Біздің қозғап отырған тақырыбымыз сабыр мен шүкір болғандықтан Алланың хикметтерін осы нығыметтер арқылы білдіретін боламыз. Егерде өмірімізде қуаныш болса, қуанамыз жұбаныш болса қайғырамыз. Бұл кез-келген адам баласының басынан өтіп жатқан жағдай. Алла Тағала Құран Кәрімде айтқандай: «Әлбетте ол күлдіреді және жылатады» (Аннажм сүресі 43 аят)
وَأَنَّهُ هُوَ أَضْحَكَ وَأَبْكَى
демек Құдіретті Раббымыз кез-келген іске бол десе, ол болады. Тағы да Құранда Алла Тағала: «Ол сондай өмір мен өлімді жараттым сендердің қайсыларыңның жақсы амал жасайтындарыңды білу үшін» (Мүлік сүресі 2 аят)
ٱلَّذِى خَلَقَ ٱلْمَوْتَ وَٱلْحَيَوٰةَ لِيَبْلُوَكُمْ أَيُّكُمْ أَحْسَنُ عَمَلًا ۚ وَهُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْغَفُورُ
Егер бір сәт біз дінсіз болып өмір сүретін болсақ онда ешқандай ар-ұятты білмей кәдімгі жануардың күйін кешер едік. Алланың жаратылыстарының ішіндегі ең абзал жаратылыс ол адам баласы. Құран Кәрімде «Біз адамды көркем бейнеде жараттық деген» (Аттин сүресі 4 аят)
لَقَدْ خَلَقْنَا ٱلْإِنسَٰنَ فِىٓ أَحْسَنِ تَقْوِيمٍۢ
Адамға Алла ақыл берді. Бір-бірімен қарым-қатынас жасу үшін бірнеше ұлт қылып жаратты. Жақын түсінуіңіз үшін тіл жаратты. Осы арқылы біз көптеген жетістіктерге кенелудеміз. Алланың аса шебер жаратылысының бір мысалы бес жасар сәби балаға аса үлкен алып пілді байлап, жібін сәби балаға берсек артынан еріп жүре беруі бұл бір ғажап көрініс екенін айтуға болады. Міне осы жайттарды айтудағы мақсатымыз анығында шүкір ету мен сабырлық бір-бірімен ажырамас дүние екенін аңғаруға болады. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқан мына бір хадисі тақырыбымызды аша түседі. «Иман келтірген мұсылманға таң қаламын, өйткені оның өмірінің бәрі берекеде, жақсылықта. Егерде оған Алладан нығмет болса ол шүкір етіп Аллаға рақмет айтады, ал егер басына қиыншылық түссе бұл да Алланың сынағы деп сабыр етеді»
عَجَبًا لأَمْرِ المُؤْمِنِ، إنَّ أمْرَهُ كُلَّهُ خَيْرٌ، وليسَ ذاكَ لأَحَدٍ إلَّا لِلْمُؤْمِنِ، إنْ أصابَتْهُ سَرَّاءُ شَكَرَ، فَكانَ خَيْرًا له، وإنْ أصابَتْهُ ضَرَّاءُ، صَبَرَ فَكانَ خَيْرًا له.
Демек, осы хадистен байқағанымыз адам баласы еш уақытта өміріне қауіп төндірмейді. Баршамызға мәлім біз өмірде әр уақытта жетістікті қалаймыз, жақсылыққа ұмтыламыз. Табысты болуға бар күшімізді саламыз, алайда өмірде барлық адамның арманы орындала бермейді. Оған осы жолда қиындықтар мен сынақтар болуы ықтимал. Демек, діннің мақсаты да адамзат баласын тәрбиелеу, оның дүние тіршілігінде сынақтарға сынбастан Алладан алдағы күндері жақсылық болатынына сену. Құранды оқып отырсаңыз сол алғашқы жаратылған Адам пайғамбардан соңғы пайғамбарымыз Мұхаммедке дейін (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеген сынақтар, қиыншылықтар болғанын білеміз. Жер бетінде ең көп қиыншылық көргендер кім деп саралайтын болсақ, бір ауыздан пайғамбарлар екенін білеміз. Олар Алланы танытуда оған құлшылық ету үшін және серік қоспау керек екенін халыққа түсіндіруде көптеген қиындықтарға тап болды. Осылайша адамзатты жаман істерден құтқарып нұрлы жолға бастады. Осы нұрлы жолға келу де бір шүкір етілетін нығмет. Ал оған келудегі қиыншылықтар сабырлықты талап етеді. Құран Кәрімде Алла Тағала "Маған шүкір етіңдер (яғни рақмет айтыңдар) маған күпірлік етпеңдер" (Бақара сүресі 153 аят )
فَاذْكُرُونِي أَذْكُرْكُمْ وَاشْكُرُوا لِي وَلَا تَكْفُرُونِ
деп бұйырып артынан осы аяттың жалғасы ретінде көмекті сабыр етіп намаз оқу арқылы болатынын айтады. Бұл тақырып шындығында аса күрделі және маңызды тақырып. Бұл жөнінде бірнеше беттен тұратын құнды кітаптар жазуға да болады.
Асылхан қажы Өмірзақұлы
Әл-Хамид мешітінің бас имамы
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.