КӨРШІ АҚЫСЫ - ҚҰДАЙ АҚЫСЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:45
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

КӨРШІ АҚЫСЫ - ҚҰДАЙ АҚЫСЫ

| A | +

Қоғамда өмір сүргеннен кейін адамның хақ-құқығына кіретін негізгі мәселелердің бірі көрші ақысы болып табылады. Жаратқан Иеміз көрші ақысына ерекше мұқияттылық танытуымызды талап етеді. Өйткені кез келген кісінің туысымен емес, көбінесе көршісімен өмір сүру қарым-қатынасы көп болады.

Алла Тағала Құран Кәрімнің «Ниса» сүресінің 36-аятында: «Әке-шешеге, туысқа, жетімдерге, пақырларға, жақын көршіге, алыс көршіге, жолдасыңа, жолаушыға, қол астыңдағыларға жақсы мәміле жасаңдар!» - деп әмір етеді.

Ислам діні адамгершілік мәмілерді белгілі бір жүйе негіздеген. Кез келген адам жақсы көршімен қатар тұруды армандайды. Сондықтан алдымен өзіміз жақсы көрші болуға күш салуымыз қажет. Содан кейін ғана жақсы көршілермен қатар тұруға тырысуымыз керек.

Ата-бабаларымыздың: «Үй алма, көрші ал!» деген қанатты сөзі, жақсы көршілердің арасында тұрудың біз үшін қаншалықты маңызды екендігін көрсетуге жеткілікті. Сондай-ақ мешітке жақын тұруға күш салуымыз керек. Осылайша кісі намаз оқуға шақырған азанның руханиятынан мақұрым қалмайды.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көрші құқықтарын былай деп баян етеді: «Бір кісі жанұясына және мүлкіне келетін жамандықтан қорқып, көршісіне есігін жабуға мәжбүр болса, ол көрші хақиқи мүмин емес. Сонымен қатар жамандығымен қорқылған көрші де мүмин емес. Көрші ақысының не екендігін білесің бе? Сенен жәрдем сұрағанында жәрдем етуің, қарыз сұрағанында қарыз беруің, мұқтаждыққа тап болғанында мұқтаждығын өтеуің, сырқаттанып қалғанында көңілін сұрап шығуың, жақсылыққа қауышқанында құттықтауың! Сондай-ақ қасіретке душар болғанында көңіл айтуың, өлгенінде жаназасына қатысуың! Оның рұқсаты болмайынша ғимаратты оның ғимаратынан биігірек салып, самал желіне кедергі келтірмеуің! Қазаныңның иісіне мазасы кетпеуі үшін, істеген асыңнан аз да болса, оған тарту етуің! Қандай да бір жеміс сатып алғаныңда оған да беруің! Егер оны істей алмасаң, жемісті көршіңнен жасырып әкелуің! Оны балаң тысқа алып шығып, көрішіңнің баласын қызықтырмасын!» (Бәйһақи, Шұғаб VII, 83).

Халқымызда: «Алыстағы туысыңнан қасыңдағы көршің артық» деген нақыл сақталған. Расымен де, басқа іс түскенде жырақтағы ағайыннан гөрі жәрдем беруге жүгіретін де, қайғымен, қуанышпен алдымен бөлісетін де жанашыр көрші. Олай болса, көршілеріміз қандай адамдар? тату-тәтті араласып жатқан көршілер бар ма? Көршілерімізді ренжітіп, көңіліне қаяу түсіріп алған жоқпыз ба?

Бүгінгі мақаламыздың тақырыбына арқау болып отырған мәселе «Көрші ақысы – Құдай ақысы» деген қағидасы. Жалпы адам баласын елемеу, ескермеу, немқұрайлық танытып, көзге ілмеу кісінің түбіне жететін жамандық екені белгілі. Қалада екінің бірі өзімен көрші тұратын адамдардың түр-түсін, аты-жөнін толық біледі деп айта алмаймыз. Темір есіктер мен биік дуалдармен қоршап, әсіресақтық пен өзімшілдік, оңаша оқшаулану адами қарым-қатынастағы ізгі дәстүрлерді түбімен жойып жіберетінін естен шығармаған жөн. Сол себептен халқымыз қадір тұтқан, көршілік татулыққа ерекше көңіл бөлгеніміз дұрыс. Көршілеріміздің ұсақ-түйек мазамызды алғанына, қиыншылықтарына шыдауымыз қажет. Өйткені Хақ Тағала сүйген пенделерінің бірі, көршісінің мазалағанына, қиыншылықтарына Алла разылығы үшін шыдаған адам.

Түйін сөз: Біз мұсылмандар Құран мен хадисте айтылған қағидаларға ерекше мұқияттылықпен қараймыз. Айналамыздағы көршілерімізге мән беріп, жоғарыда келтірілген аят пен хадистерге көңіл аударып, амал жасауымыз бізді үлкен әжір-сауапқа кенелтеді. Сондықтан, алдымен өзіміз көршілерімізбен тату-тәтті өмір сүруге дағдыланып, ең болмағанда көршілерімізге пайдамыз тимесе де зиянымыз тимеуі керек. Көршіміздің мазасын алатын яғни, айғай-шу, темекі иісі, машинаның сигналына басу, музыканы шегіне дейін даңдырлатып қою, автокөлікті дұрыс қоймау, қақырып-түкіру т.б. барша әрекеттерден боймызды аулақ ұстауымыз қажет. Көршілес тұрған аумақты, кереберсімізді (подъезд) таза ұстаумен қатар, қоңсыларымызбен ұшырасып жатсақ сәлемізді беріп, жылы шырайлық танытқанымыз нұр үстіне нұр болады.

 

 

 

Бостандық ауданды

«Байкен» мешітінің

Бас имамы Данияр Жұмабаев

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
КӨРЕАЛМАУШЫЛЫҚТАН САҚТАН КЕМЕЛ ИМАННЫҢ БІР БЕЛГІСІ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат КЕМЕЛ ИМАННЫҢ БІР БЕЛГІСІ...
Ізгілікке үндейтін хақ дін - Исламдағы кемел иман мұсылман адамның көркем мінезді болуына негізделген. Көркем мінезді жан әрдайым өзіне де, айналасына да ізгі ниетте болады.  Өзіне қалаған жақсылық пен берекені еш қызғанышсыз дін бауырына да қалайтын шынайы иман иесін діни кемелдікке қол жеткізді де...
Пайым-парасат АЛЛА ЖОЛЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ
Жеке тұлғаның мінез-құлқының қалыптасуында достықтың әсері өте үлкен. Адам баласы досының бойындағы қасиеттерді өз бойына да сіңіреді. Кез-келген адам қоғамда өмір сүретін болғандықтан айналасында достары мен қимас жандары болатыны табиғи жағдай. Досы жаман адамның мінезі де, өзі де бұзыла бастайды....
Пайым-парасат ӨЗГЕ ПИҒЫЛ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ
Расында адам баласы Ұлы Алланың жаратқан маһлуқаттарының ішіндегі ең абзалы әрі көріктісі. Тіптен бойына күнә алдырмайтын періштелердің өзі, адамға Алланың әмірімен құрмет сәждесін жасаған.  Алайда, осындай құрметтегі адам нәпсінің жетегіне түсемін деп, дүниеде орны толмас өкінішке кенеліп жататыны ...
Пайым-парасат ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУ – АМАНАТ
Табиғат – Жаратушы Алланың адамзатқа берген ең үлкен нығметінің бірі һәм аманаты. Алла Тағала табиғатты біздің физикалық өмір сүруіміз үшін ғана емес, сонымен бірге психологиялық әл-ауқатымыз үшін де жаратты....
Пайым-парасат АЛЛА РАЗЫЛЫҒЫ - ӘКЕ РИЗАШЫЛЫҒЫНДА
Жауапкершілік – тұлғаның өз міндеттерін атқарудағы тиянақтылығын, шыншылдығын, әділдігін, ұстанымдылығын білдіреді. Бұл жалған дүниеде адамзатқа үлкен жауапкершілік жүктелген. Бұған әрбір пенде қиямет күнінде жауап беретін болады. Осыған орай Алла Тағала адамзат баласының міндеті мен жауапкершілігін...
Пайым-парасат "АТАСЫ БӨЛЕК, АТТАН ТҮС" ДЕГЕН ТҮСІНІК ДІНІМІЗГЕ ҚАЙШЫ МА?
Ассалаумағалейкум! Көкейде көптен мазалап жүрген бір сұрақ бар еді.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:45

Бамдатқа дейін 00:01

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi