Смағұл ЕЛУБАЙ: Тазалық пен имандылық қоғамды құтқарады
Жәйрем
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Күн 07:38
Жәйрем
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Жәйрем
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
06:10 07:38 12:12 14:50 16:35 18:03
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

Смағұл ЕЛУБАЙ: Тазалық пен имандылық қоғамды құтқарады

| A | +

Смағұл Абатұлы, сіз иман­дылық һәм оның ұлт тәр­­­биесін­­­­де­­гі маңызы туралы шы­рыл­­дап айтып жүрген аға­лар­­дың бірісіз. Зиялылық пен иман­­ды­лық­тың аражігін қалай тү­сіндірер едіңіз?

– Ерте дәуірде Хижаз дала­сында мал бағып жүрген бір бә­деуи айтыпты дейді: «Мен қой­дың құмалағын көріп, қой дей­тін жануардың бар екенін бі­ле­мін. Сол сияқты мына таулар мен кең жазира далаға қарап бір Жаратушының бар екенін бі­луге болады». Осы адам айт­қандай, ақыл-есі сау адам иман­дылық, бір Жаратушының ұлы басқаруында тұрған күллі ғалам жайында білмеуі мүмкін бе?

Басқаны былай қойғанда, Құ­дайды жоққа шығарушы мате­риалистік көз­қарасты ғалым­дардың мызғымас ұста­нымына ХХ ғасырда сол ғылымның өзі ашқан жаңалығы оңдырмай соқ­қы берді емес пе? Бұл не де­сеңіз, ол – кванттық физика ашқан жаңалық. Кванттық фи­зика – материалистік әлемге тіке­лей әсер ете алатын, керек де­сеңіз оны өзгерте алатын, жоқ етіп жіберуге де қауқары же­терлік, сұрапыл күш бар екенін дәлелдеді. Және оны заманауи күрделі ғылыми тәжірибелер арқылы дәлелдеді.

Бұл жаңалықтың басында зия­лы ғұлама Альберт Эйнш­тейн тұрды. Ол таң-тамаша бо­лып: «Күллі ғарыш, адамзат қоғамы, өсімдіктер әлемі, ға­­лам­ның көзге көрінбейтін шаң-тозаң­дарына дейін бір ұлы күштің басқа­руымен өмір сүруде» деп жазыпты. Яғни ғылым бүкіл жанды, жансыз жаратылыс әлемінің белгісіз бір ұлы күшке бағынып тұрғанын мойындады. Демек...

– Демек күллі ғалам бір күш­ке бағынып тұр дейсіз ғой. Ал қоғамды иман­сыздық жайласа не болмақ?

– Имансыздық дегеніміз – екі дүниеде дауасы жоқ, ешқа­шан ем-домы табылмайтын, оған ұрынған қауым сөзсіз ба­­қыт­сыздыққа ұшырайтын жа­зыл­мас індет. Имансыз қоғам міндетті түрде құрып тынады. Бұл індеттің кісі шошырлықтай асқынуының бірнеше себебі бар. Басты себебі – адамның шайтани нәпсіге еріп адасуы.

Бұл нені көрсетеді? Бұл... Құ­дайдан құтылған адамның шек­тен шыққан шайтани еркін­дік­ке қол жеткізгенін көрсетеді. Сол еркіндікті абсурдқа айнал­дырғанын аңғартады. Абсурдқа ғана емес жүгенсіздікке айнал­дыр­ғанын көрсетеді. Жер бетінде шайтанның салтанаты белең алғанын байқатады. Құдайдан құтылған адам шайтанның жете­гінде кеткенін көрсетеді.

Алайда адамзат шығарға те­сік таба алмастай тығырыққа тіреледі десек қателесеміз. Өйт­кені адамға Жаратушы берген потенциал мүмкіндік тым зор, өте орасан. Ол мүмкіндік адам­ның материалдық емес рухани субстанциясында. Адамның материалдық субстанция же­те­гінде кете беруі мүмкін емес. Бір күні молшылықтан же­ріп өзінің рухани субстанция­сына бет бұрары сөзсіз. Мате­риалдық молшылықтан бақыт таба алмаған адам түптің-түбін­де ақиқатты іздері анық. Өйтке­ні адамның жаны әуелден шын­дыққа құмар. Абай атамыз айт­қандай: «Ойымда күндіз-түні бірақ Тәңірі, Өзіне құмар қылған оның әмірі».

– Адамның аңнан айыр­машылығы ар-ұят, има­ны­на байланысты деп түсіне­міз бе?

– Дұрыс пайым айттыңыз, десе де, адамды хайуаннан бө­ліп тұрған тағы бір іргелі дүние, ол – аяушылық сезім. Нақты­рақ айтқанда, адамның бойын­дағы мейірім-қайырым сипаты. Адам адамды аяйды. Адам аңды аяйды. Адам табиғатты аяйды. Жаратушы пендесінің жүрегіне аяушылық-мейірім сезімін құйғанда адамдар тек бірін-бірі ғана емес, жалпы, жер бетінде тепе-теңдікті сақтау үшін жаратылыстың бәрін аясын деп құйса керек. Адам осы қа­сиеттен алыстаса жер бетіне апат әкелетінін көрдік.

Адам өзге тіршілік иелерін аяуы ке­рек? Өйткені бізді Құдай қалай жа­ратса, оларды да солай жаратты. Сондық­тан да Құ­дайдан қорқатын адам тірі жан тұрмақ, түгел жаратылысқа зиян келтірмеуге тырысады. Зиян кел­тіруге оларды жарат­қан Құ­дайдан қор­қа­ды. Сондықтан «Жаратқаннан қо­рық­­паған­нан қо­рық» дейді халқымыз. Құ­дай­­дан қорықпаған қоғамнан қорық! Құ­дайдан қорықпаған заманнан қорық!

– Құдайдан қорықпау деген – құдайсыздыққа алып келетін қатерлі соқпақ емес пе, ондай заманды бас­тан кешірген ха­лық­пыз. Соның салдарынан әлі арыла алмай жүрген жоқ­пыз ба?

– Құдайсыздықтың салдары дендеп кеткен қоғамды бір демде сауықтыру оңай емес екен. Кеңес кезінде өмір сүрген бір буын дінсіз болдық. Жүрегіне исламды жек көру сезімін терең сіңі­ріп алған адам бергі беті қанша жыл­тырағанымен, жүрек түкпірінде бәрібір күдік бар. Ондай адам қашанда нәпсіге бой алдырғыш.

Әсіресе дінсіз ағаларынан үлгі алған желөкпе жастар сұра­пыл сезімнің итермелеуімен кү­нәлі істерге барады. Оның салдары қасіретті балалатады. Түсік тастайтын қыздарды көбейтеді. Тастанды балалар көбейеді. Бұл – бұрынғы құдайсыз қоғамның қазіргі жаңғырығы. Бұл қасірет – құдайсыз қауымның қолтаңбасы. Бұндай қауым­да зинақорлық, жезөкшелік кү­нә емес, мақтанға айналады. Бұндай қауым­ның үлкен-кішілерінің ойына обал-сауап деген кіріп-шықпайды, қайта зинақорлығын жыр етеді, онысымен мақтанады.

Имансыздар: «Құдай жоқ. О дүние жоқ. Бұ дүние ғана бар. Сондықтан пешенемізге беріл­ген осынау жалғыз өмірде шал­қып қалуымыз керек» деп шайтани қағиданы ту етеді. Құдай алдын­дағы жауапкершілікті жинап қояды. Үлкендерден осындай өнеге көрген жастар жын-ойнақ­ты өмір салтына айналдырмай қайтеді.

Нәтижесінде, құдайсыз қоғам обал-сауап, күнә дегенді ажырата алмайды. Бұндай қоғам – бүкіл әлем шайтандары жиналып салтанат құратын орынға айналады. Қоғамдық өмірдің барлық саласында шайтани істер салтанат құрады.

Адам баласы өмір бойы жасайтын ұждани қателіктерінің 90 пайызын жастық шағында жасайды екен. Өйткені жас адам отқа ұмтылған көбелек де­се болар. Осы кезде ұждани қа­те­­лік­терге ұрынбай өткен жас ба­қыт­ты. Ұл-қыздарына сондай ұждани тәрбие бере білген ата-ана бақытты. Жер бетіне адам сынақ үшін жіберілген. Шапағатпен де, кесапатпен де сыналады. Жаратқан Иеңіз бас айналдырар бақпен де, бас айналдырар байлықпен де сынайды. Сол сынақтардың бәрінен құ­дайыңызды ұмытпай өте білсеңіз онда сіз, шын мәнінде, бақытты адамсыз.

– Құдайсыздық қағидатын қо­ғамға сіңіруші кеңес идеологиясы құлағанымен, санадағы зардабы жойыл­ған жоқ дейсіз ғой...

– Кеңестік кезеңге дейін хал­қы­мыз исламият аясында иманы ұйы­ған ел еді. Әйел теңдігін жариялап қы­зыл жалауын көтеріп қазақ даласы­на келген коммунистер қазақтың ға­сыр­лар бойы қалыптасқан дәстүрлі мәдениетін талқандады. «Ескілік жойылсын, жарқын болашақ жасасын!» деп ұрандатқан олар желөкпе кедей-кембағалдардың қолына тапанша беріп қазақтың байырғы төл мәдениетіне, дәстүрлі таным-салтына қарсы қойды. Сөйтіп, дүние төңкеріліп кетті.

Коммунистер өздерін былай­ғы тобыр­дың көзіне артта қалған Орта Азияға прогресшіл Батыс мәдениетін таратушы, артта қалған аймақты құт­қарушы болып көрінді. Сөйтіп, «ескі­ліктің» тамырына балта шабылды.

Коммунистер өздері бас бо­лып, ізбасарлары – комсомол жас­тарды жұмылдырып өз елі­нің тарихи жадын жойды, мә­де­ниетін отқа жақты. Сол 70 жыл­ға созылған шайтани салтанат­тың сұрапыл салдарлары ха­лық санасынан әлі арылған жоқ. Бүгінгі қоғам сол өткен қо­ғам­­ның жаңғырығы, жалғасы. Нә­ти­жесінде, бүгінгі жастар Батыс­тың либералдық өркениеті ту­дырған құбылыстардың күнгей жағын емес, көлеңке жағын алғыш, еліктегіш. Бүгін­гі қала жастарының өмір салты Батыс жастарының көшірмесі. Көшірме ешқашан түпнұсқа емес. Жалаң еліктеу жайсыздық тудырады.

– Жат мәдениетке еліктеп жүрген жастарды дінсіз деген­нен гөрі қазіргі қолдан жа­сал­­ған жаһандану атты кеса­пат­­­тың құрбаны десек, дұрыс емес пе?

– Бұлар жаһанданудың құр­бан­дары ма, әлде дінсіздіктен бо­л­ып жатыр ма бәрібір. Айна­лып келгенде өз тамырын жоғалт­қан кешегі құдайсыз қоғам­ның жаңғырықтары. Өз тамыры­нан қол үзген бұл ұрпақ жаһанда­нуды құшақ жая қарсы алды. Өйт­кені жаһандануда тамыр жоқ, топырақ жоқ, өзіндік бет жоқ, өзіндік мәдениет жоқ. Қазір­гі Батыс өркениеті тудырған жа­байы жаһандану – барлық ұлт­тық ерекшеліктердің қас жауы. Ол бізге елірткіш саз, елірткіш ішім­дік, елірткіш би, есірген жас­тар болып елестейді. Ұлт бо­­ла­шағы бұлар болмауға тиіс. Ұлт болашағы би алаңдары, ка­зи­но, мейрамханаларда емес, ұлт болашағы кабинет, кі­тап­ханаларда, мектеп, балабақша­ларда жасалуы керек. Біз бү­гін­гі ұрпақ тәрбиесін түзей алсақ, ұлттың болашағы жарқын болмақ.

– Ғұлама Абай атамыздың: «Дос­ты қайдан табасың, Кеңе­серге адам жоқ, Әрлі-берлі ша­басың, Жал­ғыз­дықтан жаман жоқ» деген ғой... Сіз өзіңіздің «Қиямет-қайым ғасыры» атты пәлсапалық туындыңызда «жал­­­­­ғыз­дық» ұғымы туралы те­рең тол­­ған­­ған екенсіз...

– Дүниеге жалғыз келесің. Жал­ғыз кетесің. Бәрі жақын. Бәрі алыс. Жалғыздық жас келген сайын сезіледі екен. Тіптен, жалғыздығыңды мойын­дайсың. Көнесің. Айналып келгенде сол жалғыздықпен жалғыз өзің бетпе-бет қаласың. Бүкіл өт­кеніңмен, бүгініңмен, ертеңің­мен бетпе-бет қаласың. Жер бе­тін­дегі сапарыңды сонда ой көзінен өткізесің. Босқа өткен уақыт. Тұрмыс тауқыметімен тыртаңдап байлық қуған жылдар. Пенде болғасын ол да керек.

Бірақ соның бәрі сыртқы тән азығы үшін тер төгу болыпты. Сол тер төгу жан азығына не берді? Белгісіз. Ал сенің Жер бетіндегі сапарың болса соңына таман жылжып келеді. Не істеу керек? Осыған кім жауап бере алады? Іздеп әуре болма! Ешкім саған түбегейлі жауап бере алмайды. Жұмыр басты пенде біткеннің бәрі өзіңдей. Олардың да жан-жүрегінде тыныштық жоқ. Береке жоқ. Тұрақтылық жоқ. Демек жер бетінде сенімен күнде сырлас, күнде мұңдас, жан жұбатар адам жоқ. Болуы мүмкін емес.

Ол дос басқа жақта. Сенімен күнде тілдесер, күнде мұңдасар, жол көрсетер, қолтығыңнан сүйеп, тірек болар, жабық­қанда жа­­ның­нан табылар жалғыз дос бар. Ол – Алла. Соған бет бұр. Содан жәрдем тіле. Содан сұра. Барлық сауа­лыңа жауапты жал­ғыз сол ғана бере алады. Се­нің тыныштық таппай ала­сұрған жаныңды жұбататын тек сол.

Демек сен жалғыз емессің. Сені жа­рыл­қаушы, жабыққанда жаныңнан табы­лушы бар. Же­тім емессің. Кедей емессің. Бай­сың. Жаның бай. Алланы шы­найы еске алған жүрекке бұ­рын-соңды өзің күтпеген ты­ныш­тық келіп қонады. Бұл сезім, бұл күй бұрын-соңды сен бастан кешпеген шапағат. Алла­ның шапағаты. Сен Оған бет бұрып едің, Ол да саған бет бұрды. Енді сен ешқашан жалғыз емессің. Адамдарға басқа көзбен қарайтын боласың.

Бірақ адам баласы қызық құ­былыс. Қанағат дегенді білмейді. Бақыттың не екенін бақытсыздық басқа түскенде ғана біледі. Қа­раңыз­шы! Сіз әр минут сайын қанша ауа жұтасыз. Бірақ сіз сол жұтқан ауаңыздың арқасында тұншықпай тірі тұрғаныңызды ойламайсыз. Сол небәрі 2-3 минут ауа жетпесінші, ышқынып, жағаға тасталған балықтай шоршисыз. Немесе су. Оны да құдай тегін әрі мол жасапты тіршілік үшін. Бір күн су жетпесе не болар едік. Табаныңызда қара жер жа­­тыр. Сізді әрі көтеріп, әрі асы­рап тұр. Біз сол жер қадірін білеміз бе?

Бізді қоршаған дүниенің бәрі тікелей немесе жанамалай бізге қызмет етіп тұр. Жарық күн, жұл­дызды түн. Жайнаған жер беті. Соның бәрі шынтуайтына келгенде адамның жайлы мекені емес пе? Адамға мейірімін төгіп тұрған жоқ па? Тек адамдар ғана бір-біріне проблема тауып осынау жайлы мекенді жайсыз мекенге айналдырып жатқаны өкінішті.

 Адамдар Алла еншілеп берген ризыққа қанағат етуге жоқ. Бірін-бірі тонайды, қанайды, қи­найды, өлтіреді. Жер бетін ба­сып жүруге берілген 70-80 жылдық мұрсатын бейбіт еңбек­пен тыныш өткізудің орнына адамдар бір-бірінің жағасына жармасады.

Неге олай?! Өйткені адам пақыр мына өмір жалғыз рет берілген, сондықтан жер бетінде шалқып өмір сүру керек деп біледі. Содан байлыққа, билікке таласады. Алысады. Арпалысады. Адам­дықтың ала жібін аттайды. Беттің арын белбеуге түйіп жүріп, байиды. Көздеген мақсаты – байлық арқылы бақытты болу. Соған қолың жетті ме?!

Байлық қуып жүріп зулап өмір­дің соңына жеттік. Ен­ді бірер аттасақ тік жардан құ­ла­ға­лы тұрмыз. Яғни алда түне­ріп ажал күтіп тұр. Өмір бойы сен ұмтылған бақыт қайда? Бай­лығың неге бақытқа кенелтпеді? Қателік қайдан болды? Не істеу керек?

– Бәсе, не істеу керек?

– Алланы тану керек, сүю керек, Оның азабынан қорқып, рахымынан үміт ету керек. Ал­ланы білмеген, танымаған адам­ның жаны қараяды. Қазақ ондайларды қаракөкірек дейді. Көкірегің қарайса күллі дүниенің күлін көкке ұшырғың келмек. Өйткені сенің жүрегіңнен иман өшкен, оның ор­нын жын-шайтан жайлаған. Бұн­дай жағдайда өзің үшін де, қоғам үшін де қауіптісің. Сенің отбасың осы қауіптің бірінші құрбаны.

Шығыс елдерінің арасынан заманауи өркениетке қол жет­кізген Жапон елі. Токиода бі­рін­ші рет болған адам бұл қала­ның жалт-жұлт еткен сыртқы көрі­нісінен көз ала алмайды. Бақыт деген осы деп ойлап қалады. Мен де сондай күйді бастан кешірдім. Қалай қарасаң да инженерлік ойдың шырқап дамығанын көре­сің. Көресің де, осындай дамы­ған, әлемді артқа тастап кеткен жапондар нет­кен бақытты деп таңғаласың.

Сөйтсек, бұл алғашқы әсер­ден туын­даған алдамшы се­зім екен. Дамыған қалалық өр­кениеттің екінші бетін де көрдік. Түнде жер­­ас­ты өткелінен өтіп келе жатып, мұздай цемент үстінде картон қағаз төсеніп, жай­рап жатқан екі жүздей кісіні көр­дім. Бұлар әдейі қарсылық акция­сын өткізіп жатқан жұрт болар дедік. Сұрап көрсек олай емес екен. Бұл жатқандар бас­панасыз, жұмыссыз, үйсіз-күйсіз далада қалған бомждар болып шықты.

Бұл біз көрген алып шаһар­дың бір ғана жерасты өткелі. Алып қалада мұндай жерасты өткел­дері жүздеп саналады емес пе? Ал енді есептей беріңіз. Мың емес, миллиондаған адам тү­нелде түнеп жатыр. Сонда біз бақытты жапондар туралы асы­ғыс байлам жасаған болып шық­тық. Жапонияда жүрген кезде елдің премьер-министрі парламент алдында сөйлеп жатты. Баяндамасында жыл сайын суи­цидпен 30 000 кісінің өзін-өзі өлтіргенін мысалға келтірді.

Егер біз Жапонияны заманауи өрке­ниет көшін бастап келе жатқан елдің бірі десек, Токионы адам және ақша ресурс­тары мол шоғырланған әлемдік астаналардың бірі десек, онда осы деңгейге жапа-тармағай ұмтылған дамушы елдердің ертеңі қандай болатынын бейне айнаға қарағандай айқын көруге болмай ма?

Парадокстың көкесі сол – әлі күн­ге дейін адамзат дамудың осынау ка­питалистік жолынан өзге жолды таппапты. Ал осынау біздерді жарқын болашаққа бастап бара жатқан, тек ақшаға, табысқа табынған жолдың қандай «бақытқа» алып бара жатқанын көріп отырмыз.

– Сіз бірнеше жылдың ал­дында жарық көрген «Қия­мет-қайым ға­сыры» атты туын­дыңызды жазуға үлкен дайын­дықпен келгеніңіз байқа­лады. Осы арқылы нені айтқыңыз келді?

– Әрине, үлкен ішкі дайын­дықтың нәтижесінде жазылған туынды бұл. Кітап жазатын адам өзінен бұрын айтылғанды білуі шарт. Өзіңе дейінгілерді қайталап қана шығатын болсаң, оның да мәні жоқ. Мен де солай істедім. Ұмытылған қағидалар бар. Озбыр империялық жүйе тілімізді, дінімізді ұмыттырды. Көз алдымызда халқымыз руха­ни, имани тоқырауға түсті. Соны көріп, шошумен болдық. Бізге ақыл беретін, кейінгілерге үлгі болатын қазақтың шал-кем­пірлерінің жиын-тойда арақ ішіп алып, қисалаңдап биле­генін көргенде, шошығаннан бас­қа амалымыз қалмайды. Бола­шағымыз дейтін жастар ішкілікке тойып алғаннан кейін өз дастарқанын өзі төңкеріп тас­тап, төбелесіп жататынын көргенде, екі есе шошыдық. Осы шошу бізді қаламгер ретінде тыныш жатқызбады.

Одан кейін кейбір керітартпа­лықты көріп, тағы да жаным жай таппады. Біздің еліміз арақ ішу жөнінен әлем елдерінің ал­­ғашқы отыздығына кіреді екен. Суицид жөнінен тіптен ал­­ғашқы ондықтың ішінде екен­­біз. Бұл біздің адами, руха­ни болмысымыздың үлкен апат­қа ұшырағанының дәлелі. Осын­дай адамның төбе шашын тік тұрғызатын жағдайда қазақ зиялылары қалайша үйінде тыныш жата алады? Күресу керек, өз ұрпағының болашағы үшін өле-өлгенше күресуі керек. «Қиямет-қайым» ғасырының дү­ние­ге келуінің себебі осыдан.

Ал кітабымның мазмұны туралы, яғни нені айтпақ болдым дегенге келер болсақ, кешегі дінсіз, атеистік қоғамның бойындағы адам шошырлық имансыздыққа қарсы бағытталғанын көруге болады. Яғни қоғам иманды болмай, ешнәрсе болмайды.

Иманға бет бұрғанда ғана қоғам түзе­леді. Басшы да, қосшы да тазалық пен имандылықты қолдау жағында болса дейміз. Бір отбасының өзінде біреуі иманға бет бұрғанмен, басқалары оған теріс қарайтын жағдай көп. Біздің қоғамның кейпі, кеспірі, сықпыты осындай. Мұнымен көшеге шығып күресе алмаймыз. Ал бұл кітап­тың мақсаты – оқыған адам тазалыққа, имандылыққа бет бұрса деген оймен жазылған.

Өкінішке қарай, біздің әде­бие­тімізде имандылықты насихаттайтын проза дәстүрі жоқ болып тұр. Себебі белгілі. Тағы да өкінішті бір жайт, әлі күнге дейін сондай бір кітапты оқымаппын. «Қиямет-қайым ғасыры» проза емес. Бұл – философиялық толғау. Тұтастай имани тақы­рыпқа арналған дүние.

– Кеңестік билік бізді дін­нен бездірсе, қазір дінімізді бөл­шек­теу үдерісі жүріп жаттыр. Тұтас мұсыл­манды жікке, ағым­ға бөлу қауіпті емес пе?

– Келісемін. Ислам діні – Жа­ратушы тарапынан ең соң­ғы дін. Сондықтан оның пәр­мені өте күшті. Бүкіл әлем мұ­сыл­ман­шылыққа ден қойды. Хан­тингтонның жорамалы бойынша, жиыр­масыншы ғасырда ең көп дінді ұстанатындар мұсылмандар болады делінген. Еуро­падағы христиандықтан кейінгі екінші дінге айналды. Еуропа­лық­тар лек-легімен кіріп жатыр. Лондонның бас мешітінде имаммен сөйлескен едім. Араб елінен келген екен, сол имамның айтқаны: «Бізге жұма күні келсеңіз, мешітке келетін жамағаттың негізінен ағылшын екеніне көзіңіз жетеді. Біз уағызды ағылшын тілінде айтамыз».

Оның себебі, шіркеулер жа­был­ған, мұсылмандар оларды сатып алып, мешітке айналдырған. Осындай үдерістің екпінінен, жас діннің қарқынынан қорыққан Батыс ислам дінін әлсірету, жік-жікке бөлу саясатын жүзеге асыра бастағалы екі ғасырдан асты. Бұл үдеріс XVIII-XIX ғасырларда қарқынды жүрді. Ислам дінін екіге, үшке, беске бөлу әрекеті алдыңғы ғасырдан бері толастаған емес. Әңгіме тек Батыстың тегеу­рінінде емес, біздің өзіміздің сауат­-
­­­сыздығымызда да болып отыр.

Исламның үлкен жауы – сауат­сыздық. Әлемдегі дәстүрлі дін­дердің арасында ешқандай қайшы­лық жоқ, мұны Құран да растайды. Жал­пы, қандай қиын-қыстау ке­зеңде де қазақтың жүрегінен Жаратқан көшкен емес. Осыны естен шы­ғармаған жөн.

 

Әңгімелескен

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»

 

Дереккөз: Смағұл ЕЛУБАЙ: Тазалық пен имандылық қоғамды құтқарады (egemen.kz)

Предыдущий Следующий
ТІЛ - БАПТАСАҢ БАҒЫҢДЫ АШАДЫ ГҮЛЕНШІЛЕР

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайым-парасат САУЛЫҒЫҢДЫ ОЙЛАСАҢ, САПАРҒА ШЫҚ!
Адам баласының рухтар әлемінен басталған сапары ақыретке дейін жалғасады. Күнделікті күйбең тірлікте жасап жатқан жолаушылығымыз осы сапардың бір бөлігі іспетті. Сапар дегеніміз –жолаушылық. Адам тұратын жерінен алыс жерге жолға шыққаннан бастап жолаушы саналады. Кез келген сапардың мақсаты мен себе...
Ислам тарихы ЕҢ АБЗАЛ САДАҚА – ДІН ЖОЛЫНДА ДҮНИЕ ЖҰМСАУ
Ислам дінін сан ғасырдан бері рухани тірегі еткен халқымыз қайырымдылық істерді ерекше ыждағаттылықпен, ықыласпен, барын салып, беріле атқарған. Қамыққанға қамқор, жабырқаған жанға демеу болу – қанымызға сіңген қасиеттің бірі. Сондықтан болар халық арасында асар, жылу, шүлен тарату, сыбаға, кеусен, ...
Пайым-парасат ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ АСЫЛ ҚАСИЕТ
Тауазу – қарапайым, кішіпейіл болу, Алланың ұлылығының алдында өзіңің түкке тұрмас әлсіз екендігіңді білу деген мағынаны білдіреді. Адам баласы өзіне берілген ілім, мансап және байлық сияқты кез келген бір нығметтің арқасында бұлардан мақрұм болған кісілердің алдында өзін олардан жоғары санап, зұлым...
Ихсан ілімі ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ИШАНДАР МЕН АХУНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
Қазақ жұртының рухани саладағы әрлі-берлі тарихына зер салсақ, небір діни қайраткерлердің қажырлы еңбектеріне қайран қаларсыз. Мешіт ұстау, шәкірт тәрбиелеу, кітап жазу, ел іргесін бекіту, бірлік-ынтымағын арттыру, халық арасында имандылық, әділдік, тазалық пен пәктік құндылықтарын жан-жақты насихат...
Ихсан ілімі ИХСАН ІЛІМІ
Ислам діні үш негізге негізделген: Иман, Ислам және Ихсан. Мұндағы «иман» иманның жиынтығы (бес тірек); «Ислам» – діни үкімдер мен тыйымдарды орындау; «Ихсан» – Құранның барлық үкімдеріне риясыз берілу, иман негіздерін еш күмәнсіз толық қабылдау....
Қоғам КЕШІРІМШІЛ БОЛУ - АСЫЛ ҚАСИЕТ
Ислам дінінде Алла Тағаланың адам баласына берген асыл қасиеттердің бірі – кешірімділік. Кешірім мұсылмандар арасын жарастырады, жамандықтың алдын алады. Кекшілдік қастыққа жол ашса, кешірім қасты досқа айналдырады....

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам ОТАНДЫҚ ДІНИ БІЛІМ АЛУ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ БАСТЫ ШАРТЫ
Адам тумасынан жаңа бір нәрселерді үйренуге құштар. Өмірін өзгертуге асығады. Қай кезде де өз елінен кетіп сырт елдерде білім алғысы келеді. Жаңа орта, жаңа ел, өмір атты кітабының жаңа парағын бастауға тырысады. ...
Қоғам ҒАЛАМТОРДАҒЫ ЗАҢСЫЗ МИССИОНЕРЛІК
Технология саласындағы үлкен бір серпіліс сандық ортаға көшуге алып келіп жатыр. Бұл бүкіл қолжетімсіз дүниелерді бір ғана ғаламтордың арқасында санаулы секундттардың ішінде көз алдыңызға алып келуге жол ашты....
Қоғам ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ БАРШАҒА ПАРЫЗ МІНДЕТ
Жастардың тәрбиесіне байланысты сөздерді халқымыздың ағартушысы, ұлт ұстаздарынан болған Абай Құнанбайұлының сөздерімен жеткізер болсақ, оның жастарға ең бірінші қойған талабы ахлақ жағынан ұстамды таза болу, сыпайы, мінезді, әдетшіл, шыншыл болу керектігін алға тартқан. Сондай-ақ, екінші талабы тұр...
Қоғам НӘУБЕТТІ ЖЫЛДАРДАН САБАҚ АЛАТЫН СӘТ
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Қоғам 1 - НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ
Ардақты ағайын, қадірменді жамағат! 
Қоғам ІЗГІ ҚОҒАМ – ИСЛАМНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ
Біздің халық алдындағы басты міндетіміз – жұртымызды жақсылыққа үндеп, жамандықтан тосу, ізгі қоғам құруға қадам жасау. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялады. Осы жыл аясында қоғам игілігіне арналған бірқатар іс-шараны атқару міндеті т...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:38

Бесінге дейін 00:06

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi