ЖАСЫЛ ТҮС – ИСЛАМ ДІНІНІҢ СИМВОЛЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:44
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

ЖАСЫЛ ТҮС – ИСЛАМ ДІНІНІҢ СИМВОЛЫ

| A | +

Өзге халықтар секілді қазақтың да дүниетанымында түстердің өзіндік символдық мәні, соған сай қасиеті бар. Қазақтың дәсүрлі дүниетанымының коды да осы түстерге байланған. Көк, қызыл, ақ, сары, қара, жасыл... әр түс әртүрлі символдық мағына береді. «Мұнара» газетінің алдыңғы сандарының бірінде ақ түстің мәні туралы мақала жариялағанбыз. Бұл жолы жасыл түстің астарында жасырынған құпияны анықтауға тырыстық...

Жасыл түстің символикалық мән-мағынасын халқымыздың мақал-мәтелдері мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінен табуға болады. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі босын) хадистерінде түр-түстің айрықша мағыналары бар. Ислам мәдениетін зерттеген көрнекті ғалым Фуад Көпрүлү Ислам мәдениетіндегі түстер символикасы жайындағы еңбегінде: «Жалаулардағы, киім-кешектердегі, нақыштардағы және шатырлардағы, қысқасы, осы сынды биліктің белгісіне айналған нәрселерде түр-түстердің үлкен маңызы мен символы бар. Көне дәуірлерден, яғни ең алғаш құрылған мемлекеттердегі осы түстердің маңыздылығын орта ғасыр дәуіріндегі Ислам және Түрік мемлекеттерінен де жалпылама көріп отырмыз. Аббаситтердің жалаулары мен киімдерінде қара түсті бояуды өздерінің белгісі етіп алғаны, тіпті сунни мемлекеттерде де осы түстің маңыздылығына орын берілгені белгілі. Ал шиғалық Фатимиттер халифалығы бұған қарама-қарсы ұғымда ақтүсті өздерінің ұраны етіп алып, өздерін пайғамбар әулетінен екенін білдіру үшін осы түсті қадір тұтқанқын білеміз», – дейді(Köprülü M.F., Barthold W. İslam Medeniyeti Tarihi. – Ankara, 1963. – 365 бет). ДемекИслам мәдениетінің дәстүріндеПайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түр-түстерге де өз ықпалын тигізгенін көруге болады. 

Адам баласының жаратылысы жайында айтылған хадисте үш түрлі түстің символикасына ишара етілген. Хадисте: «Расында, Адам (ата) үш түрлі топырақтан жаратылды: қара, ақ және жасыл», – деген (Мухаммад ибн Сағд ибн Маниғ Әбу Абдуллаһ әл-Басри Әз-Зуһри. Ат-табақату әл-Кубра. Тексерген Ихсан Аббас. – Бейрут: Дәр ас-Садр, 1968. – Т. 1. – 506 бет).

Халық түсінігінде жасыл түстің қазіргі кезде жастықтың, тазалықтың, сұлулықтың және табиғатты ерекше жасылдығымен баулитын көктем мезгілінің бейнесін сипаттап отырғаны баршаға мәлім. Алайда түр-түсті зерттеуші ғалымдар жасыл түстің көк түстен кейін пайда болғанын алға тартады.

Ғалымдар Ә.Қайдаров, З.Ахтамбердиева және Б.Өмірбековтің1992 жылы Алматыдағы «Ана тілі» баспасынан жарық көрген «Түр-түстердің тілдегі көрінісі» кітабында: «Өсімдік дүниесіне байланысты түр-түс атауларынан көбіне-көп қолданылатыны бірінші орында қара түс, екінші орында ақ түс, үшінші орында көк түс екен. Одан кейінгі орындарды қызыл, боз түстер алады. Өсімдік дүниесі болғандықтан біздің көбірек күткеніміз, әрине жасыл түс еді. Алайда іс жүзінде олай болмай шықты: жасыл орман, жасыл желек деген бірнеше тіркестерден басқасын біз кездестіре алмадық. Оның себебі ертедегі түркі тайпаларының да, жасыл түсті көк түстен ажырата алмайтын дальтоник болуына, осыған орай «жасыл» атауының «көк» атауынан әлдеқайда кейін пайда болуына байланысты болса керек», – дейді.

Алайдақасиетті Құран Кәрімде және ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі борлсын) хадистерінде кездесетін жасыл түсі өзге түстерге қарағанда ерекше бағаланады. Өйткені жасылтүс – Ислам дінінің символы.Қасиетті Құран аятында: «Үстерінде жұқа және қалың жібектен жасыл түсті киімдер бар» («Инсан» сүресі, 21-аят), – деп жәннаттағы киім түсінің де жасылболатынын баяндайды. Пайғамбарымыздың да жасыл түсті ұнатқаны кейбір хадис дереккөздерінде кездеседі. Мысалы, мына хадисте «Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең жақсы көретін түсі – жасыл болатын», – деп айтылған (Табарани. Муғжаму әл-аусат. Баспаға әзірлеген Тариқ ибн Аудуллаһ ибн Мухаммад, Абдулмухсин ибн Ибраһим әл-Хусайни. – Әл-Қаһира: Дәру әл-харамайн, 1415. – Т. 6. – 39 бет). Рамса есімді сахабаның жеткізген хадисінде: «Пайғамбарды үстінде жасыл түсті екі киімімен көрдім», – дейді (İbrahim Canan. Hadis Ansiklopedisi. – İstanbul, Zaman. 14 cilt. – 558 бет).

Жасыл түстің символы хадистерде де, Ислам шариғатында да, сонымен қатар барша мұсылман әлемінде жоғары тұратыны әлі күнге дейін өз жалғасын табуда. Бұған еліміздегі және өзге де елдердегі мешіттердің күмбезі мен мешіт ішіндегі жайнамаздардың жасыл түсті екенін көптеп кездестіруге болады. Мәдина қаласындағы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жерленген жерінің (қазіргі таңда зәулім мешітке айналып отырған) күмбезі де жасыл түске боялған.  

Қазақта «Жасыл киген жас-жаран – елдің сәні, Қызғалдақ гүл құлпырған – жердің сәні», «Жасыл желек жердің көркі» деген мақал-мәтелдер бар.Жоғарыдағы мәліметтерге сүйене отырып, мақал-мәтелдер мен хадистерде айтылған түр-түстердің әрқайсысының өзіндік символдық мәнге ие екенін аңғаруға болады. Мұндағы келтірілген түр-түс атаулары адам баласының сан ғасырлық тәжірибесінің қорытындысы һәм философиялық дүниетанымның жемісі болса керек. 

 

Батыржан БЕРДЕНҰЛЫ,

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі

«Мұнара» газеті, №18, 2021 жыл

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ПАЙҒАМБАР ДЕГЕН МЕШІТТІ ҚИРАТТЫ немесе ДИРАР МЕШІТІ САБЫР МЕН ШҮКІР ИМАННЫҢ ҚОС ҚАНАТЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Мұсылман қорғаны БАТАМЕН ЕР КӨГЕРЕДІ
Қазақтың бата беру дәстүрі - ғасырлардан үзілмей жеткен, шариғатқа қайшы келмейтін, ізгі ниет пен жақсылықты насихаттайтын көркем де игі ұлағат. Исламмен біте қайнасқан қазақ салтында пайғамбар сүннетіндегі дұға ету әдебі бата беру үрдісімен астасқан.  Салтымыздағы бұл тәлім тәрбиеге толы бата беру ...
Мұсылман қорғаны САФАР АЙЫНЫҢ СЫРЫ
Сафар айы – мұсылман күнтізбесінде жылдың екінші айы саналады. Халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері бойынша, биыл 8 қыркүйек сафар айының бірінші күні деп белгіленді....
Мұсылман қорғаны Ғазиз ЖУСИПОВ. Тақуалық сипаты
Рахманның тақуа құлдары сипатталған тақуалықтың белгілері өте көп. Олардың бірнешеуіне тоқталар болсақ: Алланың шариғат еткен рәсімдерін ұлықтау, Оның жолында малын жұмсау, Алланы еске алуы тұрақты жалғасатын, Қиямет күні жауабы берілетін барлық жағымсыз істер мен сөздерден бойын аулақ ұстауы, қисық...
Мұсылман қорғаны Дәреттің қадір-қасиеті
Ислам діні барша адамзат баласын ең алдымен тазалық пен пәктікке шақырады. Жанымыз бен тәніміздің, сөзіміз бен ісіміздің тазалығы дінімізде үлкен рөл ойнайды. Жаратқан иемізге жалбарынып, құлшылық жасаудың алдында да дәрет алып тазаланамыз. Дәрет алуға, тазалануға жеңіл қарауға болмайды. Сондықтан б...
Мұсылман қорғаны Депрессиядан шығудың пайдалы әрі нақты 6 қадамы
Депрессия – әлемде өте көп адам зардап шегіп жүрген жағдай. Ол ұлты, білімі, әлеуметтік жағдайы мен дініне қарамастан барлық адамның басынан өтуі мүмкін. Мұның ұялатын дүние еместігіне қарамастан, депрессиядан зардап шегетін адамдар өздеріне «психикалық  дәрменсіз»  деген айдардың тағылуынан қорқып,...
Алланы зікір ету Таң намазын жіберіп алудың 6 себебі
Ояна салып, жұмысқа/университетке/мектепке дейін 30-ақ минут қалғанын шошына сезінесіз, онымен қоймай, сіз әлі таң намазын оқыған жоқсыз! Бұл не? 2 минут бұрын ғана көзіңіз ілінген сияқты еді. Ал енді үйдің ішінде әрлі-берлі сенделіп жүгіріп жүрсіз, асығып тісіңізді тазалайсыз, жуынасыз....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Бамдатқа дейін 03:56

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi