100 ОТБАСЫНА "РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ" ТАБЫСТАЛДЫ
ҚМДБ Алматы өкілдігі "Зекет және қайырымдылық" қоры мен Алматы Орталық мешіті 100-мұқтаж отбасына азық-түліктер салынған "РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫН" таратты.
Бүгін қасиетті жұма күні Алматы Орталық мешітінің ауласында 100 мұқтаж отбасына азық-түліктер салынған "РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ" үлестірілді. Игі шараға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы қатысты. Көмек алған мұқтаж отбасылар мен көпбалалы аналар мешіт қызметкерлеріне алғысын айтты.
"РАМАЗАН - ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЫ"
САУАПТЫ ІСКЕ АТСАЛЫСҚАН БАРША ЖАНҒА АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі