ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ "РАМАЗАН СЫЙЫ" ТАРАТЫЛДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы "Бәйкен" мешітінде қаланың барлық мешіт қызметкерлеріне "Рамазан сыйын" таратты.
ҚМДБ Алматы өкілдігі "Зекет және қайырымдылық" қоры мен Бостандық ауданына қарасты "Бәйкен" мешітінің ұйымдастыруымен қаладағы барлық мешіт қызметкерлеріне арнап "Рамазан сыйы" үлестірілді. 9 тонна азық-түлік салынған қораптар Алла үйлерінің 300 дін қызметкерлері мен тазалықшы, күзетші тағы басқа жауапты мамандарына үлестірілді. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан қасиетті Рамазан айында сауапты іске мұрындық болған "Бәйкен" мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев пен мешіт ұжымына алғысын айтты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі