2022: ҮЗДІК ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Алматы өкілдігінің жылдық есеп бойынша қорытынды жиынында наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы мен бас имам Төлеби Дәділұлы үздік имам-ұстаздарды марапаттады.
7 бағыт жұмысы мен өкілдік бекіткен жоспарды жүйелі атқарудағы белсенділігі үшін аудан имамдары алғыс хатпен марапатталды.
Сонымен қатар дін насихатында 7 бағыт бойынша:
1. Діни білім және ғылым;
2. Уағыз-насихат және ихсан;
3. Дін мен дәстүр;
4. Ақпарат және ағарту;
5. Қоғаммен байланыс;
6. Уақып және қайырымдылық;
7. Діни оңалту бағыты бойынша белсенділік танытқан 12 имам-ұстаздар мен мамандар алғыс хатпен марапатталып қаржылай сыйақы тапсырылды. Сонымен қатар тағы 12 имам-ұстаздар мен 7 бағытқа жауапты мамандарға алғыс хат пен шипажайға жолдама сыйлады. Оның ішінде "Білім-Қазына" қоғамдық қоры "Нұр-Мүбарак" университетінің жаңа ғимарат құрылысына қаржы тартуда белсенді болған 4 имамға шипажайға жолдама ұсынды. Бұл өз кезегінде еңбекті бағалап қолдау болса, алдағы жылда дін қызметкерлерінің қарқынды жұмысына серпін берері сөзсіз.
Марапаттарыңыз құтты болсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі