АЛМАТЫ: 2022 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Дәділұлы жыл басында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен жеті бағыт аясында 8 аудан имамдарының жылдық есебін тыңдап, 2022 жылы атқарылған жұмыс барысын қорытындылады.
Жылдық есеп жиыны қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Әр аудан имамдары мешіттердің жыл бойы атқарған жұмысын жинақтап, орындалу деңгейін слайд арқылы көрсетті. Алматы қаласы өкілдігі жоспарға сәйкес жұмыстарды орындап, 2022 жылы 7 бағыт бойынша ауқымды іс-шаралар өткізді. ҚМДБ бекіткен жоспар мен ауқымды шаралар Алматы қаласы бойынша діни қызметкерлердің ұйымшылдық әрекетімен жүзеге асырылғанын атап өтті қаланың бас имамы Төлеби Оспан. ҚМДБ бекіткен 7 бағытқа жауапты мамандар есебі тыңдалып, өкілдіктің 2022 жылға арналған жоспарының орындалу деңгейіне қарай аудан көрсеткіші шығарылды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі