400 000 ТЕҢГЕ "РАМАЗАН СЫЙЫ" БЕРІЛДІ
Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты "Омар ибн Хаттаб" мешіті қайырымдылық жасады.
Мешіттің мұқтаж жамағатына Рамазан айының қасиетті Қадір түні қарсаңында 400 000 теңге қаражат "Рамазан сыйы" ретінде үлестірілді. Атап айтсақ 300 000 теңге қаржылай он мұқтаж отбасына бөліп берілсе, 100 000 теңге магнум сертификаты он отбасына берілді. Қайырымдылыққа атсалысқан азаматтарға Алла разы болсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі