ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ 3 000 000 ТЕҢГЕ ЗЕКЕТ БЕРІЛДІ
ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы мен Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Орталық мешіттегі зекет беру қайырымдылық шарасына қатысты.
Алматы Орталық мешітіндегі зекетті дұрыс насихаттау жұмысының нәтижесінде бірнеше азаматтар рамазан айында өз зекетін мұқтаж жандарға табыстауды ұйғарды. "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен өткен "Рамазан сыйы" атты қайырымдылық шарасында 3 000 000 теңге 57 мұқтаж отбасыларына және "Әбу-Ханифа" медресе шәкірттеріне үлестірілді. Зекет беріп мұсылмандық парызын өтеген азаматтардың Алла ниеттерін қабыл етсін!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі