АЛМАТЫ: 2022 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Алматы Орталық мешітінде қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы аудан имамдары мен қала мешіттерінің бас имамдарына ҚМДБ бекіткен жылдық жоспарға сәйкес Алматы қаласы өкілдігінің 2022 жылы атқаратын жұмыс жоспарымен таныстырды.
ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы 2022 жылды "ИСЛАМ - ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІК ДІНІ" деп бекіткен болатын. Осыған орай бүгін Алматы Орталық мешітінде қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы сегіз аудан имамдары мен қала мешіттерінің бас имамдарына жылдық жоспарды таныстырды. Әрбір айға айдар беріліп, айтулы шараларға жауаптылар бекітілді. Жеті бағыт бойынша атқарылар іс-шаралар мен жоспарлар талқыланды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі