АЛМАТЫ: ӘБУ БӘКІР МЕШІТІНДЕ ҚАСІРЕТТІ ҚАҢТАР ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРАН ОҚЫЛДЫ
Бүгін қасиетті жұма күні Наурызбай аудандық Әбу Бәкір мешітінде «Қасіретті қаңтар» оқиғасында қаза тапқан марқұмдарға арнайы құран бағышталып, құрбандық шалынды.
Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары Б. Торғаев, Е. Бейсенбаев, С. Адамбаев және В. Набиев Наурызбай ауданындағы Әбу Бәкір мешітінде болып, «Қасіретті қаңтар» оқиғасында қаза болған азаматтарға құран оқытып, құрбандық шалды. Ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға оқылып, бата жасалды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі