АЛМАТЫ: ӘКІМ ҚАСІРЕТТІ ҚАҢТАР ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАДЫ
Бүгін қаңтар оқиғасына қырық күн толуына орай Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық мешітке арнайы барып, қаза болған қандастарымызды еске алу мақсатында құрбандық шалдырды.
Шара барысында қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқандарға арнап құран оқып, дұға бағыштады. Батаға Нұрлан Оразалин, Смағұл Елубай және Рахман Алшанов тәрізді зиялы ардагер ақсақалдар да қатысты.
Алладан амандық сұрап, ел тыныштығы мен бірлігіне дұға жасалды.
Алла Тағала өткендерімізді рахыма бөлегей. Елімізге амандық, жерімізге тыныштық болғай!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі