АЛМАТЫ: АЛАТАУ АУДАНЫ ИМАМДАРЫ 7 БАҒЫТ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ҚМДБ Алматы өкілдігіне қарасты Алатау ауданының дін қызметкерлері 2022 жылдық жоспармен танысты.
Алатау ауданының бас имамы Амантай Садиев "Әскер ата" мешітінде ауданға қарасты дін қызметкерлеріне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен "Ислам-ынтымақ пен бірлік діні" тақырыбы аясында 2022 жылдың 7 бағыт бойынша жұмыс жоспарымен таныстырды. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бекітуімен өкілдіктің қалалық мешіттерге 2022 жылға арналған жылдық жоспары ұсынылған. Осы жоспар аясында атқарылар іс-шаралар талқыланып, әр бағытқа жауапты мамандар бекітілді. Жиында аудан имамы Амантай Садиев дін қызметкерлерінің жұмыстарына береке тіледі.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі