АЛМАТЫ: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ОРТАЛЫҚ МЕШІТ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Бүгін Қоғамдық кеңес мүшелері Алматы Орталық мешітіне арнайы келді.
Қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы қоғамдық кеңес мүшелеріне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 7 бағыт бойынша атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Сондай-ақ, діни танымдық бағыттағы басылып шыққан кітаптар мен ақпарат саласындағы жұмыстарды баяндады. Алматы қаласы бойынша мешіт-медреселер жайлы ақпарат айтылды. Қоғамдық кеңес мүшелері сонымен қатар Әбу Ханифа медресе-колледжінің де тыныс тіршілігімен танысты. Орталық мешітте қаңтар қасіреті құрбандарына дұға бағыштады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі