АЛМАТЫ: «ҚҰРАН – ҚОС ДҮНИЕНІҢ НҰРЫ» АТТЫ ЖАМАҒАТ АРАСЫНДА САЙЫС ӨТТІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен "Әл-Әзим" мешітінде «ҚҰРАН – ҚОС ДҮНИЕНІҢ НҰРЫ» атты Құран Кәрім 10 парасының қазақша мағыналық аудармасынан жамағат арасында жарыс өтті.
Алатау ауданына қарасты "Әл-Әзим" мешітінде өткен жамағат арасындағы Құран жарысында Серік қари Ахметов, Мансұр қари Инаятулла, Сырым Өсімбаев және ауданның бас имамы Амантай Садиев болды.
Тартысты өткен сайыстың бас жүлдесі, Умра қажылығын Нығыман Жандос Әшімұлы иеленді.
Ал жүлделі
1-орын (тоңазытқыш) - Жұмабаев Нұрлан Өтемісұлына;
2-орын (кір жуғыш машина) - Әсетов Бейбарысқа;
3-орын (50.000 теңге) - Ержан Шопановқа;
4-орын (30.000 теңге) - Өмірзақов Жарасқа;
5-орын (20.000теңге) - Жалғасов Нұрлыбекке бұйырды.
Бірлігі жарасқан жамағат арасында Құран жарысын ұймдастыруға ат салысқан Әлиакбаров Рашид мырза мен Жүсіпов Айтмұхамед мырзаға, демеушілік танытқан Жасұлан Жақсыбаевқа, «ARAFA travel» қажылық компаниясының басшысы - Баймырза Жәнібек Әліайдарұлына, Қарақұлов Мадияр, Әлмаханов Бақтияр, Сәбит Жандос сынды азаматтарға алғыс айтамыз. Жарыс соңынан жамағатқа дастархан жайылып, ғибратты уағыздар айтылды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі