АЛМАТЫ: ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰРАН КӘРІМ БАЙҚАУЫНА ІРІКТЕУ САЙЫСЫ ӨТТІ
Алматы қаласы Әуезов ауданына қарасты "Мүзаммил" мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасында ІІ республикалық байқауына іріктеу сайысы өтті.
Іріктеу сайысын Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы ашып берді. Алла Тағала Құран Кәрімде игілікте жарысуды бұйырған болатын. Яғни Алланың кәламын жаттау мен оқу арқылы жарысуға үндеді. Хақ Тағаланың осы үндеуін орындау мақсатында, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2016 жылы Алматы қаласында Құранды жатқа оқудан қыздар арасында тұңғыш республикалық байқау өткізген болатын. Енді міне, екінші байқау 9-10 наурыз аралығында ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі.
Қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан ІІ республикалық байқау қарилардың Құран Кәрімді оқу және жаттау деңгейін көтеру, өзара тәжірибе алмасу, мұсылман жамағатының құрани сауатын көтеру арқылы қоғамның руханиятын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Осы орайда Алматы қаласы бойынша іріктеу кезеңіне 11 қыз қатысып, Құранның 20 парасынан:
1 орын Нұртуған Фатима иеленді
Ал Құранның 10 парасынан:
1 орын Сейітқасым Жанел Серікқызы үздік шықты.
Ал қасиетті Құран Кәрімнің 5 парасы бойынша 9 қыз қатысып:
1 орын Ералиева Мадина
2 орын Өнерқызы Айшаға
3 орын Азаматқызы Хадижаға бұйырды.
Ал қалған қатысушы қыздар Ажибаева Айша, Әбдеш Айдана, Әбішева Әсел, Әбілханова Жансая, Шабен Фариза, Өнерқызы Қайша ынтыландыру сыйлықтарын қанағат тұтты. Қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан ІІ республикалық байқауына жолдама алған қыздарға сәттілік тілейміз!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
.