АЛМАТЫ: АЛАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ
Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Алатау ауданының бас имамы Амантай Садиевтің ұйымдастыруымен ауданның Ақсақалдар мен әжелеріне және де бірқатар тұлғаларына ауызашар дастарханы жайылды.
Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы мен зиялы қауым өкілдері мен мұғалімдер, дәрігерлер мен аудан тұрғындары ауызашар дастарханында бас қосты. Ауданның бас имамы Амантай Садиев оразаның қадір-қасиеті жайлы мағыналы насихат айтып, ел тыныштығы мен ынтымағы жайлы сөз қозғады. Ақсақалдар мен әжелер тобы бата беріп, ауданның дін қызметкерлерінің еңбегіне алғысын білдірді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі