АЛМАТЫ: РАМАЗАННЫҢ 15 КҮНДІК ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы өкілдікке қарасты 8 ауданның Рамазан айында атқарған іс-шаралар есебін тыңдады.
Қасиетті Рамазан айының он бес күнінде Алматы қаласының мешіттерінде атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, алдағы он бес күнге жоспарланған іс-шаралар жоспары пысықталды.
Айта кетсек, Рамазанның алғашқы он бес күнінде Алматы қаласы бойынша мешіттерде 138 425 адамға ауызашар берілсе, 1807 адамға "Рамазан қоржыны" таратылды. Ал қаладағы 47 мешіттің жамағаты күндіз жүзінен 291 Құран хатым түсіріп, ел амандығы мен тыныштығы үшін бата жасады. Сонымен қатар "Шарапатты Рамазан", "Рамазан сыйы", "Жомарт жұма", "Рамазан тәттісі" сынды қайырымдылық шаралары мен ауқымды жобалар атқарылып жатыр.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі