АЛМАТЫ: АҚЖАР "НҰР" МЕШІТІ РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫН ТАРАТТЫ
Алматы қаласы Ақжар “Нұр” мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.
ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Рамазан айының құрметіне орай Наурызбай ауданына қарасты Ақжар “Нұр” мешітінде “Рамазан қоржыны” атты қайырымдылық шарасы өтті.
Ақжар “Нұр” мешітінің бас имамы Молдабаев Ғалымжан имамның ұйымдастыруымен 50 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды. Іс шараға арнайы Наурызбай аудандық "Әбу Бакр" мешітінің наиб имамы Айдос Шарапатбекұлы, Алматы қаласы Алматы Орталық Мешіті наиб имамы Мадияр Пиримкулов бауырымыз қатысып сөз сөйледі. Сондай ақ, қатысушы отбасы мүшелерін қасиетті Рамазан айымен құттықтап, осы айда көп жақсылық жасау керектігін айтты.
Аталмыш шараға мұрындық болған демеушілерге өз алғысын білдірді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі