АЛМАТЫ: БАС ИМАМ "АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ" МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби қажы Дәділұлы Жетісу ауданына қарасты «Абай Құнанбайұлы» мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Қасиетті жұма күнгі уағыз «Дінге беріктік (истиқама)» тақырыбында болды. Мұсылман өміріндегі маңызды болып саналатын дінге беріктік мәселесіне кеңінен тоқталып өтті.
Төлеби Дәділұлы мұсылман адамы дінге берік болып, тура жолдан таймауы үшін әрдайым амалдар жасап, иманын көтеріп жүру жайлы айтып өтті.
Уағыздан кейін жамағатпен жұма намазын оқыған бас имам халқымызға амандық, тыныштық тілеп дұға жасады.
Әсерлі уағыз тыңдаған "Абай Құнанбайұлы" мешітінің тұрақты ақсақалдары намаз соңында ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі