АЛМАТЫ: "ХХІ ҒАСЫР ИМАМЫ" БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 29-31 наурыз күндері Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында "YUSAEID" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мешіт қызметкерлеріне арналған "ХХІ ҒАСЫР ИМАМЫ" тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы болып өтті.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы мен Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымовтың қатысуымен ашылған курс Алматы Орталық мешітінде өтті. Қала мешіттерінде қызмет жасайтын 35 имамдар қатысып, арнайы бекітілген бағдарлама аясында келесі бағыттар бойынша дәрістер жүргізілді.
* Деструктивті діни ағым ұстанушыларын дерадикализациялау;
* Діни экстремизмнің алдын алу бойынша әлеуметтік желілердегі қарсы насихаттық жұмыс;
* Шешендік өнер әдістері
* Діни теологиялық сұрақтар мәселесі
* Ұлттық және тарихи құндылықтар
Курс аяқталған соң қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі