АЛМАТЫ: "ШАРАПАТТЫ РАМАЗАН" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Орталық мешітте "ШАРАПАТТЫ РАМАЗАН" ауызашар қоржыны қайырымдылық шарасы өтті.
"Зекет және қайырымдылық" қоры Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен және magnum сауда желісінің демеушілігімен 200 ораза ұстаған мұқтаж отбасына ауызашар қоржыны табысталды. Зекет және қайырымдылық қорының Алматы қаласы өкілі Пернебекұлы Темірбек келген халықты Рамазан айымен құттықтап,демеушілік білдірген magnum сауда желісіне алғысын білдірді. Рамазанның сауапты амалдары мол болғай!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі