АЛМАТЫ: "ВАЙНАХ" МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Рамазан айының құрметіне орай ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай "Рамазан қоржыны" атты қайырымдылық шарасы өтті.
Жетісу ауданына қарасты "Вайнах" мешіттің бас имамы Шейх Мухаммад Хусайн Алсабеков қажының ұйымдастыруымен мұқтаж отбасыларына Рамазан қарсаңында азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Бұл шарада жағдайы төмен 70 отбасыға азық-түлік себеттері дайындалып, арнайы жасақталған көліктермен үйлеріне жеткізілді. Шараға Алматы қаласы Жетісу аудандық Әл-Мадина мешітінің бас имамы Бақытжан Көптілеуов қатысып, ұйымдастырушы жамағат пен келген отбасыларды қасиетті рамазан айымен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Қайырымдылыққа қаржылай көмек көрсеткен "Вайнах" мешітінің жамағаты. Қасиетті айда Алла сауаптардан жазсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі