АЛМАТЫ: ИМАМДАР 500 ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ
Бүгін Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Алатау ауданы «Саялы» шағын ауданында «Бір тал кессең, он тал ек» жобасы аясында 500 түп көшет отырғызылды.
ҚМДБ жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған іс-шараға Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы қолдау білдіріп, қаланың барлық мешітінен имамдар мен ұстаздар жұмылдырылды. Қасиетті Рамазан айындағы сауапты амал қаланың жаңадан қосылған «Саялы» шағын ауданының тұрғындары үшін жасыл желекті саябаққа айналуына септігі тиеді деп сенеміз.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі