Алматы имамдары ҚМДБ-ның 30 жылдық мерекелік медалімен марапатталды (ФОТО)
Бүгін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің 2020 жылдың желтоқсанның 8-дегі №2455 бұйрығы бойынша Алматы қаласы мешіттерінің жеті бірдей білікті имамы «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медалімен марпатталды.
Бұл мерекелік медальдарды Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай өз қолымен табыстап, Бас мүфтидің ыстық сәлемін жеткізді. Сондай-ақ имамдарға дін жолындағы елеулі қызметі үшін алғыс білдіріп, бастарына амандық, отбасыларына бақ-береке тіледі.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медалі табысталған Алматы имамдары:
- Саттарқұл Мейрман – Түрксіб аудандық «Фирали Ферғанұлы» мешітінің бас имамы
- Данияр Жұмабаев – Бостандық аудандық «Байкен» мешітінің бас имамы
- Асан Тлеубердиев – Медеу аудандық «Омар ибн әл-Хаттаб» мешітінің бас имамы
- Серікхан Ахмадиев – «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы
- Қазбек Ахметов – «Заря востока» мешітінің бас имамы
- Тыныштықбай Мырзаев – «Абдулла» мешітінің бас имамы
- Мархабай Әбдір – «Вайнах» мешітінің наиб имамы