АЛМАТЫ: НАИБ МҮФТИ КЕНЖЕӘЛІ ҚАЖЫ ҚОҢЫРАТБАЙҰЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ДӘРІС ӨТТІ
ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратайұлы Алматы қаласы Наурызбай ауданына қарасты мектеп оқушыларымен кездесті.
Наурызбай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданға қарасты бірнеше мектеп оқушыларының бітіруші түлектеріне әртүрлі сала мамандарымен кездесу өткізді. ҚМДБ тарапынан наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы Бас мүфти сәлемін жеткізіп, бітіруші түлектерге маңызды дәріс оқыды. Жаңа Қазақстанға қызмет етуде өскелең ұрпақтың руханиятқа бай болып, ел бірлігі мен ынтымағы үшін қызмет етуі турасында насихат айтылды. Мамандық таңдау, Ислам әдебі, ұлық болған Рамазан айы жайлы және тағы басқа тақырыптарда сұрақтарға жауап беріп, мол мағлұмат берілді. 40-қа жуық мектеп бітірушілеріне аудан әкімінің орынбасары Мирас Нысаналиев пен "Қамқорлық дағдарыс" орталығының өкілі, нашақорлықпен күрес комиссиясының мүшесі Ербол Лұқпанов та келелі кеңес өткізді. Наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы оқушыларды Ұлыстың ұлы күні "Әз-Наурыз" мерекесімен құттықтап, оқуда озат болуға сәттілік тілеп бата берді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі