АЛМАТЫ: "ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА" 1 000 000 тг. ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ ТАРАТЫЛДЫ
Алматы Орталық мешітінде "Зекет және қайырымдылық" қоры мен Бостандық және Әуезов аудандық мешіттерінің ұйымдастыруымен "Өмірге үміт сыйла" қайырымдылық шарасы өтті.
Мешітке өтініш жазып, дәрі-дәрмекке көмек сұраған 20 отбасына 50 000 теңгеден қайырымдылық сертификаты таратылды. Қайырымдылық шараға ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қорының басшысы Қанат Қыдырмин қатысты. Шара барысында Қанат Қыдырмин Рамазан айымен құттықтап, Рамазанда жақсылық жасаудың орны жайлы насихат айтты. Сонымен қатар осы қайырымдылық шараға мұрындық болған мешіт имамдарына ризашылығын білдірді. Игі шара соңында Құран оқылып, дұға жасалынды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі