АЛМАТЫ: ТҮРКИЯНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ҚОРЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ 500 АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРДІ
Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Али Рыза Акынжы ұйымдастыруымен Түркия Республикасы Дін істері басқармасының қоры Алматы Орталық мешітінде 500 адамға ауызашар берді.
Ауызашарға Бас консул Али Рыза Акынжы бастаған Түркия Республикасының Нұр-Сұлтан қаласындағы Дін істері жөніндегі кеңесшісі Нешет Бодур, Алматы қаласындағы Бас консулдықтың Дін істері жөніндегі атташесі Эмруллаһ Үзім және ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы мен Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан қатысты.
Жамағатпен бірге дұға жасалып, ауыз ашқан консулдық өкілдері мешітте ақшам намазына қатысты. Ел бірлігі мен тыныштығы үшін Құран оқылып, бата жасалды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі