АЛМАТЫ: ОТБАСЫЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен "Бақытты отбасы - ел тірегі" атты отбасылық кеңес беру акциясы өтті.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Орталық мешітте білікті психолог мамандар, пәтуа мамандары мен әйел ұстаздар отбасылық мәселелер бойынша арнайы кеңес өткізіп, сұрақтарға жауап берді. Жұбайлық өмірдің әр жылында кездескен түйткілді мәселелер мен отбасылық бюджетті жоспарлау төңірегінде ауқымды сұрақтарға жауап берілді.
150-ге жуық отбасына кеңес берілген игі шараның басты мақсаты – қоғамда жұбы жарасқан жұбайлар жолын қалыптастыру, сау отбасынан саналы ұрпақ өрбуіне қолғабыс ету.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі