НАИБ МҮФТИ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
ҚМДБ Төрағасының орынбасары наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы «Әбу Ханифа медресе колледжінің» I курс студенттерімен кездесіп, «Білім алудың маңыздылығы және әдебі» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында Орта Азия Түркістан мектебінен шыққан көне көз ғалым, ишан, молдалардың әдеп ахлағын айта отырып, дін жолындағы шәкірттердің әдеп пен көркем мінезге аса мән беру қажеттілігін жеткізді. Сонымен қатар «Ғалымның білімділігі – тегі мен малында емес, амалы мен әдебінде» деген хикметті сөздер негізінде насихат айтты. Шәкірттерді білмеген ілімге ұмтылуға, даналық пен жақсылыққа үндеп, жамандықтан қайтаруға шақырды. Білім алу – ұлы жол, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мирасы, оған аса құрметпен қарау керектігін атап өтті. Дәріс соңында шәкірттердің көкейіндегі сұрақтарға жауап беріп, ескі ишандардың ізі бойынша дұға, батамен аяқтады.
Алматы Орталық мешіті баспасөз қызметі