ҚЫЗ БАЛАНЫҢ ЕМІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
ҚМДБ Алматы өкілдігіне қарасты “Зекет және қайырымдылық” қорының ұйымдастыруымен "Өмірге үміт сыйла" қайырымдылық шарасы өтті.
Қайырымдылық шарасында “Зекет және қайырымдылық” қорының Алматы қаласы өкілі Пернебекұлы Темірбек Үркембайқызы Тұрсынхан ханымның қызы Талантқызы Заринаның еміне 200 000 теңге қаржылай сертификатын табыстап, Зарина қарындасымыздың дерттеріне шипа тілеп, дұға жасады. Тұрсынхан ханым демеушілік көрсеткен жандарға зор алғысын білдірді.
Қайырымдылық іске атсалысқан барша жандарға Алла разы болсын!
Алматы Орталық мешіті баспасөз қызметі