АЛМАТЫ: МЕРЕЙЛІ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен мәуліт оқылды.
Шарапаты мол мерейлі мәуліт айының құрметіне өткізілген кезекті іс-шараға ҚМДБ наиб мүфтилері ұстаз Сансызбай Құрбанұлы, Кенжеәлі қажы Мырзабаев, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан және дін қызметкерлері мен ұстаздар қатысты.
Еліміздің әр өңірінен келген мешіт жамағаты әсерлі әңгіме мен салауат жырларына куә болды. Дінге жанашыр әр түрлі сала мамандары бас қосқан кеште Жәкен Омаровтың орындауында қазақша мәуліт жыры оқылып, Дидар Қамиев пен Арман Бердалин Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арнау айтты. Кеш қонақтары қатарында Әмина апа өз бүлдіршіндерімен бірге болды. Республика сарайындағы "Көркем мінез кемеңгері - Мұхаммед" рухани кешінде аталған "мәуліт сыйын" Бас имам Төлеби Дәділұлы Әмина апаға табыстады.
Алматы Орталық мешіті баспасөз қызметі