АЛМАТЫ: ҚАЛА МЕШІТТЕРІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының ұйымдастыруымен қала мешіттерінде тазалық жұмыстары жасалды.
Алматы қаласының әкімдігі 26 наурыз қалалық сенбілік өтетінін мәлімдеген болатын. Осыған орай қала мешіттерінде де тазалық жұмыстары жасалды. Алматы Орталық мешітінің дін қызметкерлері мен жұмысшылары сенбілікке шығып, мешіт ауласын тазартты. Жер бусанып көктемнің шырайы келген шақта әрі Рамазан айының қарсаңындағы сенбілік жұмыстарына Орталық мешіт пен қаланың бірқатар аудан мешіттерінің қызметкерлері де Алла үйініің тазалығы үшін бір кісідей атсалысты.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қала ішінде Аллаға ең ұнамды жер – мешіттер» деп мәні мен мағынасы терең ой айтқан. Өйткені, мешіт біздің қоғамның рухани дамуында маңызды рөл атқарады. Ислам – тазалық діні. "Тазалық – құлшылыққа баспалдақ" қағидасымен мешіт аулалары қоқыстан тазартылды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі