АЛМАТЫ: "ҚАЙЫРЫМДЫ ЖҰМА" СЫЙЫ БЕРІЛДІ
Алматы қаласы, Әуезов ауданына қарасты "Ақсай" мешітінде мүгедек бүлдіршінге "Қайырымды жұма" сыйы табысталды.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан Әуезов ауданы, Мамыр-2 шағын ауданының тұрғыны Абдразақова Ұлмекен апаның мүгедектік арба алып беруді сұраған өтінішін Әуезов ауданына қарасты "Ақсай" мешітінің бас имамы Бахтияр Қасымалиевке ұйымдастыруды тапсырған болатын.
Тағдыр тауқыметіне тап болған 11 жастағы Нұршат есімді бүлдіршін қызға "Ақсай" мешітінің бас имамы Бахтияр Қасымалиев "Қайырымды жұма" акциясы аясында мүгедектік арбасын сыйға тартты. Мүгедектік арба мешіт қаражаты есебінен алынды. Туа бітті мүгедектік арбасына таңылған бүлдіршін үшін аса қажетті арба жүзіне жылулық ұялатты. Ұлмекен апа мешіт ұжымына алғыс айта отырып Алладан шипа, дертіне ем сұрап дұға жасады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі