АЛМАТЫ: ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ МЕШІТ ЖАНЫНАН ЖОЛАУШЫЛАРҒА БӨЛМЕ АШЫЛДЫ
Алматы облысы, Қарасай ауданы Алматы-Ташкент тас жолының бойында орналасқан "Ихлас" мешітінде жолаушыларға арналған бөлме ашылды.
ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, жол бойындағы мешіт жанынан жолаушыларға арнап бөлме дайындау әр аймақтың мешіт жоспарына енгізілген болатын. Осы игі жоба аясында Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастырумен Алматы облысы, Қарасай ауданы "Ихлас" мешітінде жолаушыларға арналған бөлме ашылды. Салтанатты ашылуға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан, Алматы аймағының бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы және қала имамдары қатысты. "Ихлас" мешіті Алматы-Ташкент тас жолының бойында орналасқан.
Ұзақ жолдан шаршап келген жолаушылар үшін бір сәтке дем алып, тынығатын жайлы бөлме төсек орындары мен қажетті ыдыс-аяқпен қамтамасыз етілген. Бөлме ішін жабдықтау мен жолаушылар үшін қажетті заттарын алуда Алматы қаласының Түрксіб, Бостандық, Әуезов аудандық мешіттері мұрындық болды..
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі