АЛМАТЫ: ҚАЛҚАМАН МЕШІТІНДЕ ДІН МЕН ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛДІ
31 наурыз. Алматы қаласы, Наурызбай ауданына қарасты «Қалқаман» мешітінде наурыз мерекеленді.
Ұлттық мереке балаға ат қою және бесікке салу салт-дәстүрін жасаумен басталды. Мешіт бас имамы Руслан Қамбар мерекелік шараға қатысушы жамағатқа асыл дініміз бен ата дәстүріміздің сабақтастығы жайлы айтты. Мысал ретінде, қыз ұзату, неке қию және беташар сынды салт-дәстүріміздің шариғатпен сусындағанын баяндап берді. Сонымен бірге, жиналған көпшілік сауат ашу бөлімінде Құран үйренетін қыз-келіншектер әзірлеген наурыз көжеден дәм татты. Ақ жаулықты әжелер мен аналар арнайы дайындалған мерекелік көжеге баға беріп, ең дәмді көжені анықтады. Наурыз мерекесі аясында шәкірт қыз-келіншектер құрақ тігу өнерін көрсетті. Жас сәбиге азан шақырып ат қойып, әжелер бесікке салды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі