АЛМАТЫ: ТҰРАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТТІ
Бүгін Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Тұран университетінде "Алматы қаласы халқының рухани және діни тәрбиесінің жай-күйі туралы" тақырыбындағы қоғамдық тыңдауларға қатысты.
Жиынды Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанұлы кіріспе сөзімен бастады. Қоғамдық тыңдауға кеңес мүшелері, Алматы қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқарма майоры мен ЖОО-ның өкілдері қатысты. Қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы "Мешіттердің қоғамдағы орны" тақырыбында баяндама оқып, ҚМДБ-ның соңғы жылдағы атқарған жұмыстарын жеткізді. Сондай-ақ Алматы өкілдігінің қала руханияты мен тұрғындарға діни тәрбие берудегі атқарып жатқан іс-шаралары жайлы мәлімет берді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі