"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ ЕЛ ТІРЕГІ" АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
ҚМДБ Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен "Бақытты отбасы - ел тірегі" атты жас жұбайларға арналған семинар өтті.
Семинарда қоғам қайраткері, жазушы Смағұл Елубай, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы отбасы тақырыбында арнайы баяндама жасады. Отбасы ойларымен бөлісіп, келелі кеңес айтты. Нұр-Мүбарак университетінің білікті ұстазы Азамат Жамашев хадис ілімдерінен мысалдар келтіріп, семинар көркін ашты. Модератор Алматы Орталық мешітінің бас имамы Төлеби Оспан отбасы құндылықтары исламның басты талаптарының бірі екенін жеткізді. Семинарға Орталық мешітте және қала мешіттерінде некесін қиып, бүгінде жарасымды жұбайлар қатарында жүрген 50 жұп қатысты.
Шара соңында жұбайларға арнайы сыйлықтар үлестіріліп, жұбайлар өміріне бақыт тілеп бата жасалды.
Алматы Орталық мешітінің
баспасөз қызметі