БАС ИМАМ "АБДУЛЛА" МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Түрксіб ауданына қарасты "Абдулла" мешітінде "Жомарт пенденің дәрежесі мен сауабы" тақырыбында жұма уағызын жүргізіп, жамағатпен жұма намазын оқыды.
Бас имам Алла Тағаланың берген мал-дүниесіне деген шүкірліктің ең үлкен көрінісі - жомарттық турасында мағыналы ой мен әсерлі уағыз айтты. "Адамның жомарттығы оның жүрегінде болады. Жомарт жан ондағы дүние-мүліктің иесі Алла Тағала екендігін жақсы білгендіктен, өзгелерге жәрдемдесуді өзіне Жаратушының бергенін, Соның жолында жұмсау деп түсінеді, - деген қаланың бас имамы Төлеби Оспан кең пейілді мұсылман жұртшылығына ислам ғұламаларының жомарттық жайлы талдауларын жеткізді. Қасиетті Құран аяттары мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде жомарт жандарға берілетін көптеген артықшылықтары баяндалғаны жайында айтты. Мешітке жиналған жамағатпен жұма намазы оқылып, қайырымды қала халқының тыныштығы мен ел тұрақтылығы үшін бата жасалды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі