БАС МҮФТИ «Д. ҚОНАЕВ» МЕШІТІНДЕ ТАРАУИХ НАМАЗЫНА ҚАТЫСТЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласындағы «Д.Қонаев» мешітінде өткен тарауық намазында жамағатқа насихат айтты.
Мешіт жамағатын Рамазан айымен құттықтап, маңызды тақырыптар қамтылған «Ағраф» сүресі жайлы уағыз-насихат айтты. Аманатқа қиянат жасамау, сертке беріктік турасында кеңінен тоқталды.
ҚМДБ Төрағасы тарауық намазының соңында жамағатпен бірге еліміз бен жеріміздің амандығы үшін дұға жасады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі