«РАМАЗАНДА ҚҰРАНҒА ТҮС» ЖОБАСЫ ЖАНДАНУДА
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы бастамасымен Орталық мешітте Құран оқып үйрену үшін таңғы дәрістер жүргізіліп жатыр.
«Рамазан - Құран айы» осы негізде Алматы Орталық мешітінде қасиеті рамазан айына арналған жоспарға сай ораза айы басталған күннен бастап Құран әліппесінен таңғы дәрістер жүргізіліп келеді. Қазақ және орыс тілдерінде қатар өткізіліп жатқан дәрістерде әр түрлі жастағы 70-ке жуық жамағат сауатын ашып жатыр. Орталық мешіттің ұстаздары Ерлан Киізбаев пен Тимур Әлиев Құран әліппесінен дәрістер бастап, шәкірттерді осы рамазан айында Құранға түсуге дайындамақ. Рамазан жыл ішіндегі айлардың сұлтаны деп білеміз. Алла Тағала рамазан айын Құранның түсірілуіне лайық ай ретінде таңдап, осы айды Құран арқылы ерекшелегенін алға тартып, ықыласты жамағат сауапты амалға жетелеуге арналған жаңа бастамаға дән риза.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі