"АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРҒА ТОСЫН СЫЙ" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Алматы қаласы өкілдігі "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен "Алтын құрсақты аналарға тосын сый" қайырымдылық шарасы өтті.
Іс-шарада Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Мадияр Пірімқұлов алғы сөз сөйлеп, зекетін беріп демеушілік көрсетіп жатқан Нұржан ағамызға алғыс айтып, дұға жасады. Мешіттен көмекке мұқтаж көпбалалы 35 анаға 15.000 теңгеден үлестірілді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі